Менің әкем – құтқарушы: қамыстылық қос жеткіншек әкесінің жолын қууды армандайды

Он бес жастағы Әділет Жақсыбай пен сегіз жастағы Даниэль Бисахалов – Қамысты аудындық төтенше жағдай бөлімінің бастығы Марат Бисахаловтың ұлдары. Қос жеткіншек әкесінің қиын мамандығы және погон таққан қызметкер болуды армандайтынын айтты.

«Әкеміздің жұмысы қиын болғанымен, оның ішінде де қызықты дүниелер бар. Мысалы, ол бізге құтқарушы болу үшін физикалық дайындық, төзімділік, мықты мінез бен алғырлықтан бөлек, тұла бойдағы ақылдылық, тез шешім қабылдау, жылдам ой мен әрекет ету қабілеті болуы керектігін айтып береді. Әкеміз жұмыстан кеш келеді. Бірақ соған қарамастан ол бізге уақыт табады: сабақты бірге оқиды, дайындықтан қалдырмайды, волейбол ойнайды, сурет салады, табиғат аясында саяхаттауға апарады. Біз әрқашан әкемнің формасына қызығамын: киіміне, жұлдыздарға. Біз де әкем сияқты күні-түні еңбек етіп, төтенше жағдайда қалған жандарға көмектесіп, оның ізін жалғастырғымыз келеді», – дейді Әділет пен Даниэль.

Азаматтық қорғау подполковнигі Бисахаловтың тағы үш баласы өсіп келеді. Тұңғышы Саян Қамысты №1 жалпы білім беретін мектебінде оқиды. ММА спорт түрімен айналысады. Спорт кандидаты. Ортаншысы Айлин бесінші сыныпқа көшті. Мектепте биге және түрлі қоғамдық шараларға қатысады. Кенжесі Асад, жасы – үште. Балабақшаға барып жүр.

Әкелерінің бір жұмыс күні де тынымсыз өтеді. Бұл салада қызмет ететіндер жұмыс күнін жоспарлай алмайды. Олар тек аудан ішінде ғана емес, сыртында да, тау-тас, жазық даладада да жүріне тура келеді. Өзен-көл, далада адасқандарды іздеп, көмекке мұқтажға қол ұшын созады.
Қос жеткіншек бізге: «Менің әкем – жақсы адам!», дейді мақтанышпен.

Төтенше жағдай бөлімінің бастығы «Дені саудың жаны сау!» аксиомасына сүйене отырып, балаларын спортқа тартады.

«Төтенше жағдай қызметінде 21 жыл қызмет етіп келемін. Көкшетаудағы техникалық институтты бітірдім. Осы уақыт бойы Қостанай қаласында қарауыл бастығы, аға инженерліктен Меңдіқара аудандық төтенше жағдай бөлімінің басшысы қызметтерін атқардым. Әйелім – Қамысты аудандық ауруханасында экономист. Қазір ол біздің балаларымыздың дені сау, бақытты, Отанымыздың ақылды және жан-жақты патриоты болуы үшін тәрбиелеп, дамытумен айналысуда», – деді Марат Жақсыбайұлы.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

Қамыстыда 343 адам жұмысқа орналасты

Қамысты ауданында жыл басынан бері 343 адам жұмыспен қамтылды. (далее…)

3 дня ago

Қамыстыда ауызсу желілері 100 млн теңгеге жаңғыртылды

Қамысты ауданындағы Клочков ауылында су құбыры желілерін қалпына келтіру және жаңғырту жұмыстары аяқталды. (далее…)

3 дня ago

В Камыстинском районе завершился прием заявок на конкурс «Лучший двор – лучший дом»

В этом году желание показать плоды своих стараний и умений изъявили 10 семей из с.…

4 дня ago

Қамысты ауданында үйлердің 84 пайызы газға қосылған

Әлеуметтік нысандарды газға көшіру бюджет шығынын қысқартуға мүмкіндік берді. (далее…)

1 неделя ago

Қамыстыда кадр тапшылығын қалай шешілуде?

Мамандарды ауылда ұстап қалудың басты тетігі – баспана. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.