Қолөнер шебері Айнұр Жайылмада тұрады

«Шебердің қолы алтын» деген қазақта керемет тәмсіл бар. Бұл мәтелдің мәні – әрбір істі ерекше шеберлікпен, іскерлікпен атқарған адамның қолы алтынға бағаланатынын білдірсе керек.

Осы қолөнердің қыр-сырын меңгеріп, оны жаңа заманға бейімдеп, жас ұрпаққа жеткізіп жүрген шеберлердің еңбегі ешқашан ұмытылмайды. Мұндай шеберлердің бірі – Жайылма ауылында тұратын – Айнұр Ахметова.

Айнұр Ахметова – Жайылма негізгі мектебінің шағын орталығында тәрбиеші болып жұмыс істейді. Бірақ оның негізгі кәсібі – қолөнер. Қолы бос кезде, қолөнерге деген қызығушылығы мен махаббаты оны шығармашылыққа баулиды. Өмірінің әр сәті қолөнермен тығыз байланысты. Бүгінгі таңда оның қолынан шыққан әшекей бұйымдар мен ұлттық ою-өрнектер көздің жауын алады. Айнұрдың шығармашылығы өз ауылында кеңінен таныс.

Айнұрдың қолөнерге деген қызығушылығы бала кезінен басталған. Кішкентай кезінде әжесінің тіккен көрпелері мен жасаған ою-өрнектеріне қызығып, олардың әдемілігін бағалайтын.

«Кішкентай кезімде әжемнің жасаған ою-өрнектеріне, тіккен көрпелеріне сүйсініп қарайтынмын. Сол кезде инені-жіпті серік ете бастадым. Тігуді бала жасымнан қызыға бастадым. Әжемнің қасына отырып, көмек беріп жүріп, шеберлікті үйрендім», – дейді Айнұр.

Бұл оның қолөнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастырып, өнерді өмірлік хоббиіне айналдырған алғашқы қадамдар болды.

Айнұрдың қолөнерге деген қызығушылығы әжесінен дарыған, сол кісінің сабақтарынан шабыт алып, кейін өзі де осы жолды таңдаған. Әжемнің көрпелеріне қарап, оның жасайтын ою-өрнектеріне таң қалып, сол оюларды үйренуге ынтық болған Айнұрдың өз қолынан шыққан жұмыстар да осы ою-өрнектердің әсемдігін сақтай отырып, заманға сай жаңа бояулармен өрнектеліп келеді.

Айнұр қолөнермен айналысуды алғаш рет 20 жасында қолға алған. Оның алғашқы туындысы – шәй көрпе болды. Шәй көрпе – қазақ халқының тұрмысында қолданылатын дәстүрлі бұйымдардың бірі. Ол әсемдігімен ғана емес, өте практикалық та болып келеді. Әрбір бұйымды тігу кезінде Айнұр түрлі өрнектер мен ою-өрнектерді қосып, бұйымдарды ерекше сәнді етіп шығарады.

Айнұрдың тігуге деген шексіз махаббаты мен шығармашылық әлеуеті оны әрдайым жаңа туындылар жасауға итермелейді.

«Қарапайымдылық мені ұнатады. Іс тіккенде, ойым бөлінеді, тек қана шығармашылыққа шоғырланамын», – дейді ол.

Бүгінде Айнұр тек қана көрпелер мен дорбаларды тігіп қана қоймай, қазақы киімдер, ұлттық бас киімдер, төбетейлер, сәукелелер, қазақтың дәстүрлі ер және қыз балаларына арналған киімдер сияқты сан алуан бұйымдар жасаумен айналысады. Ол тек қолөнермен айналысып қана қоймай, қазақ халқының мәдени мұрасын жаңғыртып, жас ұрпаққа ұсынуға талпынып келеді.

Бір қызығы, Айнұрдың қолынан шыққан қолөнер туындыларын көрген таныстары еңбегін көріп қатты қызығып, тамашалайды екен. Тіпті оларға өз қолынан әшекей бұйымдар жасап береді. Олардың ыстық ықыласы оған шабыт сыйлайтын көрінеді. Сол себептен болар, ою-өрнектері, әшекей бұйымдары сәтті болып шығатыны.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

Қайырымды кәсіпкер Қамысты жұртына мерекелік тарту жасады

Елдің ықыласына бөленген игі істер – қоғамдағы адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. (далее…)

2 дня ago

В Камыстинском районе определили победителей конкурса видеороликов «Таза Қазақстан»

В Камыстинском районе подвели итоги конкурса видеороликов и короткометражных фильмов на тему «Таза Қазақстан». Всего…

2 дня ago

Қамыстыда мал шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Облыс әкімдігінде өткен жиында өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралып, ауыл шаруашылығы саласын дамыту…

5 дней ago

Қамыстыда 3 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Қамысты ауданында экономиканы әртараптандыру, ауыл шаруашылығы саласын дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар…

5 дней ago

В Центре обучения языкам в Камыстинском районе действует разговорный клуб «Сөйле Тайм»

Его участники собираются, чтобы практиковать казахский язык в непринуждённой обстановке, учиться строить диалоги и увереннее…

1 неделя ago

This website uses cookies.