Орқаштағы жалғыз мейірбике қалай жұмыс істеп жатыр?

Жұмыс уақытында да, жұмыстан тыс уақытта да тұрғындардан шақырту түссе, ауылдағы жалғыз мейірбике Мейрамкүл Бермұхамбетова аяғы жеткен жерге жаяу, алыстау жерге жедел жәрдем көлігімен барады.

Қым-қуыт тіршілікте басы ауырып, балтыры сыздамайтын жан жоқ. Әрине, сырқаттанған адамның медицина қызметіне жүгінетіні белгілі. Әсіресе, аурудың кешке қарай мазалайтыны белгілі ғой, ымырт түскеннен кейін «Мейрамкүл келе гөр» деген үлкен-кішіге, үйдегі тірлігін тастай жөнеліп, дәрі-дәрмек салынған қобдишасымен жаяу жүгіретін оның бұл әрекеті нағыз мамандығына деген жауапкершілігі деп білеміз.

-1986 жылы Арқалық медучилищесін бітіріп, жолдамамен Орқаш ауылына жұмыс істеуге келдім. Болашақ жолдасым Мейрамханмен танысып, осында тұрмысқа шықтым. Медицина саласында біраз жыл жемісті еңбек еттім. 2003 жылы Орқаш ауылында мектеп мейірбикесі болып жұмыс істеп жүріп, кейін 2021 жылдан бастап Орқаш ауылдық ФАП мейірбикесіне ауыстым. Менің қызметімен көршілес Аралкөл ауылдық округімен Орқаш ауылы кіреді. Қазір Орқашта 37 тұрғын түтін түтетіп, Аралкөлде 45 жан бағып отыр. Солар барлығы менің есебімде, – дейді Мейрамкүл.
Қай кезде де сырқаттанған жанның қасынан табылатын Мейрамкүлге ауыл тұрғындары дән риза. Күрделі де, жауапкершілігі мол мамандығының арқасында ауыл тұрғындарының денсаулығын қадағалап, медициналық көмек көрсетіп жүрген ауыл мейірбикесінің жалпы еңбек өтілі жиырма жылға жуықтады.

«Үлкен үйге не керек болса, кіші үйге де сол керек» демекші, Орқаш ауылы аядай ғана ауыл болсада, тұрмыс-тіршілігі бар ауыл. Орқаш ауылы кезінде қойнауы құтқа, өрісі малға толы, түтіні қалың елді мекен болатын. Ертеректе осы төңіректегі өзен атымен Қарасу деп аталған өлке көркем табиғатымен, әсіресе, тұзды көлімен көпке танымал еді. Сыпсыңағаш қолатының орта тұсындағы көлдің тұзы өткен ғасырларда маңайды ғана қамтамасыз етіп қоймай, ерекше сұранысқа ие болып, Ресейдің ішкі губернияларына жеткізіліп отырыпты. Заманында даңқы дәуірлеген елді мекеннің ахуалы жақсы, тұрмысы сайлы-тын. Айналасында жиырма шақты көлі, төрт бірдей бұлағы бар құтты қоныс болатын. Аруақ қонып, нар шөккен осы өңірді атақты Бабасан, Қара Қағай, көріпкел Жәудір әже, Толысбай, Күмпей, Бажыр батыр сынды көптеген тарихи тұлға мекен етті. Небір әулие, батыр, ақын, би мен шешендердің кіндік қаны тамған ауылдың бүгінгі кейпі жан танымастай күйде. 90-шы жылдардың тоқырауы кезінде тоз-тозы шығып, жұрт жан-жаққа үдере көшті. Қазір шалғайдағы елді мекенде он екі түтін қалған. Жасырары жоқ, Орқашқа апарар орқаш-орқаш жол да қатынасты қиындатып тұр. Тек мақтаныш етіп айтарға текті елдің тарихы ғана жұбаныш…

Мұнда не мектеп, не әкімдік ғимараты жоқ. «Ауылдан адам көшкенмен, адамнан ауыл көшпейді» дегендей, мұнда тұратын орқаштықтар мал ұстап, бау-бақша, қарбыз егіп отыр.

-Алла денсаулық берсе, үш жылдан кейін құрметті демалысқа шығамыз. Өзім Аралкөлде туып өстім. Орқашта тұрып жатқанымызға қырық жылдай уақыт болды. Ауылда дүкен де жоқ, қалаға барып, бір айға азығымызды әкеп қоямыз. Сонымен қоректенеміз. Қыстың күні де солай. Біздің ауылдың тірлігі. Орқаштықтар шөп шабады, қарбыз егеді. Жолдасым інілерімен бірге жеке шаруашылығы бар. Сонымен күнкөріп жатыр. Ауылдың барлығы мал бағып, бау-бақша ұстайды, – дейді кейіпкеріміз.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

В селе Камысты начали строить 30 новых квартир

Последние 36 лет в селе Камысты ведется жилищное строительство. (далее…)

14 часов ago

Қарабатыр ауылының мәдени өміріне серпін берген маман

Қамысты ауданына қарасты Қарабатыр ауылындағы мәдениет үйінде ауыл тіршілігіне жан бітіріп, рухани орталықтың тамырын тереңге…

20 часов ago

Юные камыстинки выиграли серебро в первом чемпионате Костанайской области по волейболу

Соревнования проводились в городе Костанай среди девочек 2014 г.р. ⠀ Воспитанницы Камыстинской районной детско-юношеской школы…

2 дня ago

Қамыстыда заманауи бейнебақылау жүйесі орнатылуда

Қамысты ауданының кіреберіс жолдарына қоғамдық қауіпсіздікті арттыру және құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында 25 бейнебақылау камерасы…

6 дней ago

Қамыстыда оқушылардың жазғы демалысы жан-жақты ұйымдастырылады

Қамысты ауданында 2024-2025 оқу жылының аяқталуына орай мектеп оқушыларының жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру бойынша кешенді…

7 дней ago

Өнерлі де өнегелі Қашқынбаевтар отбасының мәдениеттегі жолы мен отбасы құндылықтары жайлы сыр

Қамысты ауданында тұратын өнерлі жұп – Эльмира Ғалибекқызы мен Досбол Қашқынбаевтар биыл шаңырақ көтергендеріне 30…

7 дней ago

This website uses cookies.