Қамысты ауданына қарасты Орқаш ауылының табиғи, химикатсыз қарбызы қазіргі таңда Лисаков, Рудный және Қостанай қалаларында сатылымға шықты.
Бермұхамбетовтер әулеті өсіретін қарбыз экологиялық таза әдіспен өсіріліп, шілде айында емес, тек тамызда ғана пісіп жетіледі. Биылғы өнім жақсы, дәмі тіл үйіреді. Қазіргі таңда қарбыздың келісі 160 теңгеден сатылуда.
Ағайынды Мейірімхан, Талғатбек, Жалғасбек және Болатбек есімді азаматтар бұл кәсіппен 25 жылдан бері айналысып келеді. Олар қарбыз өсірумен қатар мал шаруашылығын да дамытып отыр.
-1998 жылы Орқаш кеңшары ыдырады. 2000 жылдан бері қарбыз егуді қолға алдық. Сол жасыл домалақтарды үлгіртіп, отын-су түсіріп аламыз. Өсіру бір бөлек, оны саудаға шығарудың өзі бір машақат. Жолдың алыстығы қиын. Бірақ өніміміз экологиялық таза, химикат қолданбаймыз. Қарбыз шілдеде емес, тамызда ғана піседі. Сол себепті бағасы төмендейді. Бірақ біздің қарбызды білетіндер арнайы келіп алады, – дейді Мейірімхан Бермұхамбетов.
Дәмі тіл үйіретін қарбыз ала жаздай тынымсыз еңбек пен тұрақты күтімнің арқасында өсіп-өніп, жетіледі. Аталған кәсіпті дөңгелету екінің бірінің қолынан келе бермейді.
-Кезінде Орқаш совхозы дүрілдеп тұрған тұста 50-100 гектар жерге қарбыз егетін. Ол кезде табиғат керемет болатын. Өнім бермей қалған жылдар болған емес. Ала қарбыздарды айырбастап, Қостанайға дейін сатылымға шығатын. Орқаштың қарбызы десе, бәрі білетін. Онан қалды, ауылдықтардың өздеріне де жеуге жетіп артылатын. Біз мектепте оқып жүргенде қарбыз жинауға жібереді. Соңғы кездері ауа райы өзгерді. Кейбір жылдары тәтті дөңгелектің жеміс бермей қалатын кездері де кездеседі, – деп орқаштықтар.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Историями поделились зрители YouTube-канала «Другие места». (далее…)
Елдің ықыласына бөленген игі істер – қоғамдағы адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. (далее…)
В Камыстинском районе подвели итоги конкурса видеороликов и короткометражных фильмов на тему «Таза Қазақстан». Всего…
Облыс әкімдігінде өткен жиында өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралып, ауыл шаруашылығы саласын дамыту…
Қамысты ауданында экономиканы әртараптандыру, ауыл шаруашылығы саласын дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар…
Его участники собираются, чтобы практиковать казахский язык в непринуждённой обстановке, учиться строить диалоги и увереннее…
This website uses cookies.