Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі
Шекарашылар мемлекеттік тілді жетік меңгерген
Тәуелсіз елдің өзіндік ерекшеліктерінің қатарына мемлекеттік тілді қосуға болады.Себебі әр мемлекеттің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де – мемлекеттігіміздің негізгі нышандарының бірі.
XX ғасырдың басында ғұлама-ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Ұлттың жоғалуына себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл, сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деген болатын. Туған тіліміз – халқымыздың кешегі жүріп өткен жолын, бүгінгі жалғасқан ғұмырының ертеңге апарар мүддесін бейнелейтін ең басты қазынамыз. Сондықтан да біздер оны құрметтеп, қолдап, аялау керекпіз.
Біздің Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп жазылған.Ал орыс тілін –ресми тіл және мемлекеттік тілмен бірдей қолданылады деп айтылған. Біз Конституция талаптарын мүлтіксіз орындауға міндеттіміз.
ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша Департамент басшысы полковник Арман Жұмахметовтің ұйымдастыруымен шекара сақшыларының арасында мемлекеттік тілді оқыту сабақтары жүйелі түрде өткізілуде. Ал жұмыс барысындағы қолдану аясы кеңіді деп айтуымызға толық негіз бар. Қазақ тілін жетік білетін сардар заңнамаларға сәйкес, құжаттардың екі тілде орындалуын үнемі бақылауда ұстайды. Сонымен қатар мемлекеттік тілде толтырылған құжаттардың грамматикалық жағынан қатесіз орындалуын тексереді.
Арман Орақұлы сияқты қазақ тілін жоғары деңгейде меңгерген басшының қолдауымен бүгінгі күні әскери ұжымдағы мемлекеттік тілде орындалған құжаттардың саны артқанын айтуға болады.
Ата заң аясында бақ-берекеміздің сақталып отырғаны тіл саясатын да дұрыс жүргізудің жемісі екені анық. Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі.
Мемлекеттік тілдің мерейін асыратын тек қана өзіміз. Елбасымыз айтқандай, «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде». Ендеше, тілімізді – ұлтымызды, отбасымызды құрметтегендей қадірлейік!
Манарбек Қарекенов,
Майор ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департаменті
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31