Қамысты ауданында жазғы мектеп әр мектепте ұйымдастырылды және 473 оқушы жоспарланған.

Алдағы оқу жылына дайындық басталып кетті. Бұл туралы бізге аудандық білім бөлімінің басшысы Талғат Қуанышбаев айтып берді.
Биыл Қамысты ауданында 8 білім беру нысаны жөнделеді, бұл мақсаттарға 461,3 млн теңге бөлінді. 411 млн теңге сомасына 1 объектіде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілед. Қарабатыр жалпы білім беретін мектебі «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, ағымдағы жөндеу жұмыстары 50,3 млн теңгеге 8 білім ошағында басталды. Жайылма негізгі орта мектебі, Ливанов негізгі орта мектебі, Талдыкөл негізгі орта мектебі, Қамысты жалпы білім беретін мектебі, Адаев жалпы білім беретін мектебі, Оқушылардың шығармашылық үйі, Айналайын бөбекжай-бақшасы, Қарлығаш бөбекжайы.
Биылғы жылы МТБ-ны жақсартуға 21,1 млн теңге бағытталды: бұл пәндік кабинеттерді жабдықтау мақсатында бөлінген қаржы. Қамысты жалпы білім беретін мектебі инклюзивті кабинеті, Краснооктябрь жалпы білім беретін мектебінің физика кабинеті, жабдықтарды, жылыту қазандықтарын жаңарту және тағы басқа да жұмыстар жүргізіледі.

– Мектепке дейінгі ұйымдар ерекше назар аударамыз. Мәселен, биылғы жылы Айналайын бөбекжайы, Қарлығаш бөбекжайы 10,9 млн теңге сомасына 2 балабақшаны ағымдағы жөндеу жоспарлануда. Сондай-ақ, қосымша білім беруге оқушылардың шығармашылық үйіне 8,7 млн теңге сомасына жөндеу жұмыстары жоспарлануда, – Талғат Сәркенұлы.

Қамысты ауданында 1340 оқушыны жазғы демалыспен қамту жоспарланған.
Талғат Қуанышбаетың айтуынша, бірінші кезекте әлеуметтік осал санаттағы балалардың демалысы жоспарлануда. Осы мақсаттарға жалпы білім беру қорынан 65 білім алушыға 3 млн 250 мың теңге бөлінді. «Қазақстан халқына» қайырымдылық қорының «Жаздық жолдама» ауылдық балаларға арналған жобасы жалғасуда, оның шеңберінде республиканың қала сыртындағы лагерьлерінде 50 бала сауығып кетуге мүмкіндік алады. Бұл оқу үздіктері, олимпиадалар мен байқаулардың жүлдегерлері. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Хачико» оңалту орталығының базасында жалпы сомасы 2 млн теңгеге өздігінен жүре алмайтын 15 бала демалады. Қамысты ауданында жалпы саны 900-ге жуық оқушыны қамтитын 11 мектеп жанындағы лагерь жұмыс істейтін болады.

– Жазда балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту мақсатында 35 бала туристік-өлкетану маршруттарымен, экспедициялармен, сапарлармен қамтылатын болады. Балалардың қауіпсіздігі, олардың өмірі мен денсаулығын сақтау туралы тағы да еске саламыз. Жазғы кезеңде ең бастысы – ата-ананың бақылауы, – дейді аудандық білім бөлімінің басшысы.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

В селе Камысты появился новый сквер «Денсаулық»

Его благоустройство прошло в рамках экологической программы «Таза Қазақстан».   (далее…)

20 часов ago

Супруги Салыковы из Камысты вкладывают в производство хлеба душу и сердце

Ежедневно порядка 600 булок хлеба владелец пекарни Куандык Салыков лично развозит в 16 из 19…

3 дня ago

В Камыстинском районе отремонтирован один из основных участков республиканской трассы KAZ-19

Направление автодороги «Костанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Карабутак». (далее…)

3 дня ago

Камыстинки обсудили проблемы семейно-бытового насилия, воспитания детей и повышения цифровой грамотности

В Камыстинском районе действует Клуб женщин-лидеров, который объединяет женщин с активной гражданской позицией. (далее…)

4 дня ago

«Абаевские чтения» приобщили камыстинцев к творчеству великого мыслителя

10 августа исполнилось 180 лет со дня рождения великого казахского поэта, просветителя и мыслителя Абая Кунанбаева.…

5 дней ago

This website uses cookies.