Жылқышылықтан бригадирлікке көтерілді

Бауыржан Бакенов облыс әкімінің Құрмет грамотасына ие болды

Бүгінде ол Адаев ауылында «Содружество-98» ЖШС ауыл шаруашылығы саласы бойынша бригадир. Бес жылдан астам уақыт аталған серіктестікте мал шаруашылығын өсіруде аянбай еңбек етіп келеді. Жан-тәнімен еткен еңбегі елеусіз емес. Соның арқасында шаруашылық тарапынан да, облыс әкімдігі тарапынан да алғыс пен құрметке бөленді.

Аталмыш серіктестің бригадирі Бауыржан Бакеновтің айтуынша, шаруашылық бүгіне мал санынан ғана емес, оның сапасына да баса назар аударады. Етті-сүтті асыл тұқымды әулиекөл сиырын өсіруді қолға алған. Оның сыртында Қамбар ата түлігін де өсіреді.
«Содружество-98» ЖШС мал өсірумен 1998 жылдан бастап айналыса бастаған көрінеді. Әулиекөлдегі асыл тұқымды мал шаруашылығынан аналықтары мен бірнеше бұқасын алып келіп, егіншілікпен қатар мал өсіруді қолға алған серіктестіктің бірі.

Содан бері мал басы жылдан жылға көбейіп келеді. Аталмыш серіктестікте егіншілік пен мал шаруашылығы кеңінен дамып отыр. Сондықтан екі бірдей бағытта жұмыс атқару оңай еместігі түсінікті.

Серіктестікте негізінен Зеңгі баба түлігі мен етті бағыттағы Қамбар ата төлі өсіріледі.

– 1984 жылы Адаев ауылында дүниеге келдім. Осы жерде өсіп-өндім. Балалық шағым осында өтті. 2019 жылдан бастап серіктестікте істеп келемін, басында жылқышы болып жұмысқа орналастым. Кейін мені бригадир етіп тағайындады. Қарамағымда жиырмаға жуық адам бар. Ұжым жақсы. Бәрі де осы ауылдың жергілікті тұрғындары, малдың жайын жақсы біледі. Содан бері осы шаруашылықта еңбек етіп келемін, – деп бастады әңгімесін Бауыржан Төлебайұлы.

Тоқсаныншы жылдардағы алғашқы құрылған кезең «Содружество-98» үшін оңай болмады. Еліміз біршама ауыртпалықтар мен қиындықтарды басынан өткерді. Осы жылдары көбі айлап жалақыларын ала алмады, кейбірі еңбеқақыларының орнына азық-түлікпен есептескен кездер де өтті. Бұл уақытта аталған шаруашылықтың алдында жұмыскерлерді қалай да сақтап қалу болды.

Қазір серіктестік егін, мал шаруашылығымен қатар ауылдықтар мен көршілес ауылдарға нан және тоқаштың түр-түрін өздері пісіріп сатады. Бүгінде аталған шаруашылықта жүзден астам адам еңбек етеді.

– Бүгінде өмірлік жарымды кездестіріп, осы жерде шаңырақ көтердім. Жолдасым да осы ауылда мектепте мұғалім. Ауылда ерінбей еңбек еткен адамға бәрі да бар. Біздің жұмыс маусымдық. Мәселен, жаз айында жұмысымыз жеңілдейді. Ол кезде он адамға дейін азайып қаламыз. Мал көбіне өрісте жайылады. Енді мал қолға қараған уақытта біздің жұмыс та қыза түседі. Төлдету, уақытылы жем-шөбін беру, екпесін салу сияқты жұмыстар бар, – дейді еңбек адамы.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

Қамыстыда 343 адам жұмысқа орналасты

Қамысты ауданында жыл басынан бері 343 адам жұмыспен қамтылды. (далее…)

2 дня ago

Қамыстыда ауызсу желілері 100 млн теңгеге жаңғыртылды

Қамысты ауданындағы Клочков ауылында су құбыры желілерін қалпына келтіру және жаңғырту жұмыстары аяқталды. (далее…)

3 дня ago

В Камыстинском районе завершился прием заявок на конкурс «Лучший двор – лучший дом»

В этом году желание показать плоды своих стараний и умений изъявили 10 семей из с.…

4 дня ago

Қамысты ауданында үйлердің 84 пайызы газға қосылған

Әлеуметтік нысандарды газға көшіру бюджет шығынын қысқартуға мүмкіндік берді. (далее…)

1 неделя ago

Қамыстыда кадр тапшылығын қалай шешілуде?

Мамандарды ауылда ұстап қалудың басты тетігі – баспана. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.