Алтынсарин ауылдық кітапханасының жұмысы жаңа белестерге көтерілуде

Алтынсарин ауылдық кітапханасы – бүгінде ауыл халқының мәдени әрі рухани орталығына айналып отыр.

Кітапхана қоры 9 мыңнан астам кітаптан тұрады. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген түрлі жанрдағы басылымдар – ауыл тұрғындарының игілігіне қызмет етуде.

Кітапхана сөрелерінде көркем әдебиетпен қатар, балаларға арналған ертегілер, энциклопедиялар, саяси, тарихи, философиялық еңбектер, сөздіктер де бар. Жыл сайын кітап қоры республикалық бюджет есебінен, мемлекеттік тапсырыс бойынша толықтырылып отырады.

Ауыл тұрғындарының басым бөлігі – кітапханаға тұрақты келушілер. Әсіресе мектепке жақын орналасқандықтан, оқушылардың кітапханаға келуі жиілеген. Үзіліс кезінде балалар кітап алып, мерзімді басылымдарды оқып, көрмелермен танысады. Қостанай облыстық және аудандық басылымдары, атап айтқанда «Қостанай таңы» газеті және басқа да газет-журналдар тұрақты түрде жеткізіліп тұрады.

Соңғы екі жылда балалар әдебиетіне ерекше көңіл бөлініп, қазақ және орыс тілдеріндегі ертегі кітаптармен толыққан. Сонымен қатар, мерейтойлық даталарға арналған әдеби кештер мен «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы да тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Кітапханада оқырмандарға арналған арнайы оқу залы жұмыс істейді. Сонымен қатар, «Книжная планета» үйірмесі жұмысын бастап, түрлі бейнероликтер мен мерекелік шаралар ұйымдастырылуда. Биыл алғаш рет 23 сәуір – Ұлттық кітап күні аталып өтілді.

Ауыл кітапханасының тыныс-тіршілігі тікелей кітапханашы – Гүлнар Жавгашарова Еркенқызының есімімен тығыз байланысты. Осы салада он жылдан аса еңбек етіп келе жатқан маман кітапхана жұмысына жаңаша серпін беріп отыр. Гүлнар Еркенқызы педагогикалық училищенің және Қостанай педагогикалық институтының түлегі. Кітапхана ісіне келген соң арнайы қайта даярлау курсынан өтіп, жаңа жобаларды қолға алған.

– Кітапхана – жай кітап сақтайтын орын емес, ол – мәдениет пен ақпарат орталығы. Біз оқырманмен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Жастарға отандық әдебиетті, жергілікті ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттауға мән береміз. Кітап арқылы адам жанына рухани демеу болуға тырысамыз, – дейді кітапханашы.

Кітапханада заманауи талаптарға сай жабдықталған көрме, арнайы оқырман залы да жұмыс істейді. Бұл – оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануына мүмкіндік беретін, шығармашылық жобалар мен бірлескен жұмыстарға арналған кеңістік.

«Кітапхана – менің үйім ғой. Кітапхана – көпшіліктің бір-бірімен кездесетін, қызықты тұлғалармен танысатын ақпарат және мәдениет орталығы, кез келген жастағы оқырман үшін пайдалы, кітапты қалың оқырман арасында насихаттайтын қасиетті орын. Адам санасы өскен, дамыған заманда, шүкір, кітапхана – кітап сақтайтын қойма деген қағида жойылды. Кітапхана – мәдениет ошағы. Бүгінде кітапханаларға ерекше көңіл бөлініп келеді. Жыл өткен сайын кітапхана қоры жоғары сапада дайындалған, оқырмандар үшін сұранысқа ие көптеген әдебиеттермен толығуда. Әлбетте, мұндай жерлердің ауыл тұрғындары үшін берері мол. Кітапхана – адамның жаны тыныштық, жақсылық табатын мекен, – дейді Гүлнар Жавгашарова.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ІІ Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Кітап оқитын ел – зиялы ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын оятуымыз керек» – деген болатын. Осы ұстаным бүгінгі ауыл кітапханасының жұмысына толық сай келеді.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

Қамысты ауданында күзгі орақ науқаны жалғасуда

Қамысты ауданында күзгі жиын-терім науқаны қарқынды жүргізілуде. (далее…)

2 дня ago

Экскурсия в музей открыла для камыстинских школьников новые знания о родном крае

В селе Алтынсарино действует уникальный музей, который содержит не только предметы, но и раритетную автотехнику.…

1 неделя ago

Қамыстыда аурухана жаңарды, бірақ дәрігер тапшы

Қамысты аудандық ауруханасы күрделі жөндеуден өтіп, заманауи талаптарға сай жаңартылды. Алайда медициналық мекеменің басты мәселесі…

1 неделя ago

Жаңашыл басшы Қамыстыдағы Жайылмада тұрады

Ұстаздар күні қарсаңында Жайылма негізгі орта мектебінің директоры, тәжірибелі педагог, ұлағатты ұстаз – Нұрлан Кәрімжанұлы…

1 неделя ago

Қамыстыда құрылыс және абаттандыру жұмыстары жүйелі жүргізілуде

Биыл Қамыстыда ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсарту мақсатында ауқымды құрылыс және абаттандыру жұмыстары жүзеге асырылды.…

1 неделя ago

Трудовой путь Ербулата Клышпаева тесно связан с газификацией Камыстинского района

Житель села Камысты Ербулат Клышпаев посвятил сфере газовой и нефтяной промышленности 14 лет своей трудовой…

2 недели ago

This website uses cookies.