Ливанов ауылындағы «Алиев» шаруа қожалығында 2027 жылғы егіс науқанына дайындық жұмыстары басталды.
Шаруашылық мамандары келесі жылдың мол өніміне негіз қазірден қаланатынын ескеріп, күзгі дала жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр.
Қазіргі таңда алқаптарда күзгі топырақ өңдеу жұмыстары атқарылуда. Жер 27-30 сантиметр тереңдікте жазықтілгішпен өңделіп жатыр. Шаруашылықтың жоспарына сәйкес, жалпы 1500 гектарға жуық жерді игеру көзделген.
Жұмыс тәулік бойы екі ауысымда ұйымдастырылған. Механизаторлар күні-түні еңбек етіп, тәулігіне орта есеппен 75-80 гектар жерді өңдеуде. Бұл – техниканың тиімді пайдаланылып, дала жұмыстарының белгіленген қарқынмен жүріп жатқанын көрсетеді.
Алқап басында тәжірибелі механизаторлар Болатпек Нұрпейісов пен Рашид Смағұлов еңбек етуде. Олар техниканың жұмысын үйлестіріп, белгіленген көлемді сапалы орындауға күш салып келеді.
Шаруа қожалығының жетекшісі Мұрат Алиевтің айтуынша, күзгі топырақ өңдеу – келесі жылғы егіске дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі. Сондықтан шаруашылықта жұмыс қарқынын бәсеңдетпей, жоспарланған 1500 гектар жерді өңдеп шығу міндеті қойылған.
Осылайша, Ливанов ауылындағы диқандар үшін жаңа егіс маусымының алғашқы қадамы басталып кетті. Биылғы күзгі еңбек – келер жылдың берекелі науқанына жасалған дайындықтың бір бөлігі.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Суреттерді жолдаған – Мұрат Әлиев
Эдуард и Людмила Жестиковы - супруги и коллеги, для которых взаимопомощь стала семейной привычкой. (далее…)
Здесь уроки художественного труда постепенно выходят за рамки привычных представлений о работе с деревом, тканью…
Сельхозтоваропроизводители Камыстинского района завершают уборочную кампанию. (далее…)
Қамысты ауданында заманауи «Қамысты Арена» дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Жаңа нысанда бүгінде жүзден астам…
Алтынсарин ауылының тұрғыны Дәурен Ержанов «Ауыл аманаты» бағдарламасының мүмкіндігін пайдаланып, жылқы шаруашылығын қолға алды. (далее…)
Қамысты ауданында бұқаралық спортты дамытуға және тұрғындарды салауатты өмір салтына тартуға басымдық беріліп келеді. (далее…)
This website uses cookies.