Қамысты ауданында жас құтқарушы кәсібіне адалдық танытуда

Қамысты ауданындағы №18 өрт сөндіру бөлімінің жас маманы Ерасыл Көпшілік – өз мамандығын жүрек қалауымен таңдаған құтқарушылардың бірі.

Қызмет жолын Ақтөбедегі Ш.Берсиев атындағы колледжде білім алып, әскер қатарынан оралған соң бастаған Ерасыл бүгінде нағыз кәсіби маман ретінде қалыптасып келеді.

– Бұл мамандық жай ғана жұмыс емес. Бұл – үлкен жауапкершілікті, ұйымшылдықты, тәртіп пен ерлікті талап ететін өмір жолы. Біз әр күнді «кімге көмектесе аламыз?» деген оймен бастаймыз, – дейді ол.

Ерасылдың айтуынша, командалық рух пен бір-біріне деген сенім – құтқарушы жұмысының негізі. Ол қызмет барысында талай қиын сәттерді бастан өткерген. Соның бірі – биылғы жылы Аралкөл ауылдық округіндегі аптаға созылған дала өрті. Қиын жағдайда әріптестер бір-біріне сүйеніп, түнгі уақытта да тынымсыз еңбек еткен.

– Сол кездері нағыз ұжымдық ауызбіршілік пен достықтың не екенін терең түсіндім. Бұл – мамандығыммен мақтануға себеп болды, – дейді жас маман.
Жастар арасындағы кәсіби жарыстарда да Ерасыл жақсы нәтижелер көрсетіп келеді. Өткен жылы Жітіқара ауданында өткен өрт сөндірушілер сайысында №18 бөлімше бірінші орынды иеленді. Бұл – жас маман үшін жаңа ұжыммен қол жеткізген алғашқы ірі жетістік.

– Марапат үшін емес, адамдардың өмірі үшін жұмыс істейміз. Бұл менің өмірлік ұстанымым. Әкемнің тәрбиесі мен үлгісі біз үшін темірқазық болды. Құтқарушы болу – батылдық пен сабырлылықты, шапшаңдық пен дәлдікті талап етеді, – дейді Ерасыл.

Қызмет барысында қызықты сәттер де болмай қалмайды. Бірде жол үстінде өрт сөндіру қолғаптарын түсіріп алып, қараңғы түнде қайта іздеуге мәжбүр болған. Кейін олардың бөлімде жуылып жатқанын біліп, бұл оқиға күлкіге ұласқан.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

В Камыстинском районе обмолочено 90% запланированных площадей

Сельхозтоваропроизводители Камыстинского района завершают уборочную кампанию. (далее…)

11 часов ago

Қамыстыдағы жаңа спорт кешенінде жүзден астам бала жаттығып жүр

Қамысты ауданында заманауи «Қамысты Арена» дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Жаңа нысанда бүгінде жүзден астам…

14 часов ago

Торғайға келген жас маман

Бала күні кеше ғана үлкен өмірге қадам басып, ақ халат киюді армандаған жас жеткіншектер бүгінде…

1 день ago

Қамыстыда ауыл тұрғыны жылқы басын көбейтпек

Алтынсарин ауылының тұрғыны Дәурен Ержанов «Ауыл аманаты» бағдарламасының мүмкіндігін пайдаланып, жылқы шаруашылығын қолға алды. (далее…)

1 день ago

Қамыстыда спортқа көңіл бөлінуде

Қамысты ауданында бұқаралық спортты дамытуға және тұрғындарды салауатты өмір салтына тартуға басымдық беріліп келеді. (далее…)

2 дня ago

Қамыстыда бес отбасы жаңа баспанаға ие болды

Қамысты ауылында тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған жұмыстар жалғасуда. (далее…)

5 дней ago

This website uses cookies.