Қамысты ауданының 70 жылдығына арналған тарихи кітап жарық көрді

Қамысты ауданының 70 жылдық мерейтойына орай «Біз жазған тарих / История, написанная нами» атты жаңа шежірелі кітап жарық көрді.

Бұл еңбек – аудан тарихын, елге еңбегі сіңген азаматтар мен ұжымдардың өмір жолын, тәуелсіздік жылдарындағы өңір тынысын баяндайтын маңызды жинақ.

Кітаптың құрастырушысы әрі редакциялық алқа мүшесі – этнограф-журналист Ермұрат Бекмұхамедов. Ұзақ жылдар бойы өңірдің тарихын зерттеп жүрген автордың бұл жобаны қолға алуы – кездейсоқтық емес. Оның айтуынша, бұл жұмысты бастау үлкен жауапкершілік болғанымен, жергілікті биліктің нақты қолдауы нәтижесінде ауқымды еңбек жүзеге асты.

– «Туған өлкенің тарихын жазу – дерек пен дәйекке негізделген күрделі жұмыс. Біз бұл еңбекте шынайылық пен тарихи нақтылықты басты орынға қойдық», – дейді Ермұрат Бекмұхамедов.

Кітапта аАэуданның өткен кезеңдері мен қазіргі тынысы; Бұрынғы және қазіргі әкімдердің, ардагерлердің жүрекжарды тілектері; Қамысты ауданының Құрметті азаматтары туралы мәліметтер; Ауылдардың шығу тарихы, топонимикалық деректер; Мәдениет, білім, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік салаларындағы жетістіктер; Заманауи Қамысты өңірінің келбеті; Ақын Несса Кутерманның ауданға арналған өлеңдері қамтылған.

Жинақ нақты архивтік деректерге, атап айтқанда Қамысты, Қостанай және Ақтөбе облыстық архивтеріндегі құжаттарға сүйене отырып жазылған. Еңбек қазақ және орыс тілдерінде басылып шықты.

Алғашқы тираж – 200 дана. Қазіргі таңда қосымша 100-200 дана кітапты қайта басып шығару жоспарлануда. Кітап ауданның барлық ауылдық және мектеп кітапханаларына, мемлекеттік мекемелерге тегін таратылатын болады.

«Бұл кітап – менің ғана емес, бүкіл аудан халқының ортақ еңбегі. Болашақ ұрпақ туған жерінің тарихын танып, мақтаныш етсе – еңбегіміздің ақталғаны», – дейді автор.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

В Камыстинском районе обмолочено 90% запланированных площадей

Сельхозтоваропроизводители Камыстинского района завершают уборочную кампанию. (далее…)

11 часов ago

Қамыстыдағы жаңа спорт кешенінде жүзден астам бала жаттығып жүр

Қамысты ауданында заманауи «Қамысты Арена» дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Жаңа нысанда бүгінде жүзден астам…

14 часов ago

Торғайға келген жас маман

Бала күні кеше ғана үлкен өмірге қадам басып, ақ халат киюді армандаған жас жеткіншектер бүгінде…

1 день ago

Қамыстыда ауыл тұрғыны жылқы басын көбейтпек

Алтынсарин ауылының тұрғыны Дәурен Ержанов «Ауыл аманаты» бағдарламасының мүмкіндігін пайдаланып, жылқы шаруашылығын қолға алды. (далее…)

1 день ago

Қамыстыда спортқа көңіл бөлінуде

Қамысты ауданында бұқаралық спортты дамытуға және тұрғындарды салауатты өмір салтына тартуға басымдық беріліп келеді. (далее…)

2 дня ago

Қамыстыда бес отбасы жаңа баспанаға ие болды

Қамысты ауылында тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған жұмыстар жалғасуда. (далее…)

5 дней ago

This website uses cookies.