Қамыстыда 47,9 мың гектар пайдаланылмай жатқан жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауданда пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекеттік қорға қайтару жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Жыл басынан бері атқарылған шаралардың нәтижесінде жоспарланған 28 мың гектардың орнына 47,9 мың гектар жер қайтарылып, жоспар 171 пайызға орындалды.
Аудан әкімі Ерлан Жаулыбаевтың айтуынша, жүргізілген мониторинг барысында бірқатар шаруашылықтардың жерді тиімді пайдаланбай отырғаны анықталған. Осыған байланысты тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 5 шаруашылыққа ескерту беріліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес салық мөлшері 20 есеге ұлғайтылды. Сонымен қатар, 8 шаруашылық 36,1 мың гектар жерді ерікті түрде қайтарса, 2 шаруашылықтан 11,8 мың гектар жер мәжбүрлі түрде тәркіленді.
Сондай-ақ, босатылған жер учаскелерін тиімді пайдалану мақсатында 5,9 мың гектар жер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге ұзақ мерзімді пайдалануға берілді. Алдағы уақытта қосымша 1,4 мың гектар жерді ерікті түрде қайтару жоспарланып отыр.
Аудан әкімдігі жер ресурстарын тиімді пайдалану және ауыл шаруашылығы айналымын кеңейту бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыра бермек.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреті түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ
Редактор

Recent Posts

Қамыстыға көшіп келушілер қатары артып келеді

Биыл Қамысты ауданы бойынша қандастарды қабылдау бойынша 9 квота бөлінді. (далее…)

4 часа ago

Қамыстыда бала жүрегіне жол тапқан тәрбиеші

Қарлығаш Тасмұхамедқызы 20 жылдан артық еңбек етіп келеді. (далее…)

6 дней ago

Қамыстыда 53 мың гектар игерілмеген жер мемлекетке қайтарылды

Былтыр тек ауыл шаруашылығы мақсатындағы 12,2 мың га жер қайта бөлінді. (далее…)

1 неделя ago

В Костанае открыли клуб, который носит имя уроженца Камыстинского района Галихана Ержанова

Торжественное мероприятие в честь открытия клуба будущих прокуроров состоялось 24 февраля в Smart-центре «IQostanay». (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.