Қамысты аудандық ауруханасы күрделі жөндеуден өтіп, заманауи талаптарға сай жаңартылды. Алайда медициналық мекеменің басты мәселесі – дәрігер тапшылығы әлі күнге дейін шешімін таппаған.
Жергілікті тұрғындар алғашқы медициналық көмек алғанымен, нақты диагноз қойылып, толыққанды ем алу үшін Қостанай қаласына баруға мәжбүр. Қамысты селосының тұрғыны Айзада Бәйкенова бұл жағдайдың тек өзі ғана емес, бүкіл ауыл тұрғындарына ортақ мәселе екенін айтты.\
– Ауруханада тек система алып, талдау тапсырамыз. Күрделі емге жол жоқ. Сол себепті қалаға қатынауға тура келеді. Егде жастағылар үшін бұл өте қиын, – дейді Айзада Бәйкенова.
Ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Құмар Ақсақалов ауруханадағы жағдаймен танысып, тұрғындармен тілдесті. Әкімнің айтуынша, ғимарат жаңарғанымен, оның ішіндегі мамандар мен қызмет сапасы басты назарда болуы тиіс.
– Жөнделген қабырғалардан бұрын, ол жерде жұмыс істейтін кәсіби мамандар мен ем қабылдауға келген халықтың сенімі маңызды. Емдеу мүмкіндігі болмаса, жөндеудің өзі мәнсіз, – деді облыс басшысы.
Қазіргі уақытта ауданға жас кадрларды тарту жұмыстары жүргізілуде. Соның бірі – жас дәрігер Ұлболған Әбілова. Ол Алматыда медициналық білім алып, аудан әкімінің грантымен оқыған. Қазір аудандық ауруханада жұмыс істейді.
– Халыққа көмектескім келеді. Бірақ дәрігерлер аз, жұмыс жүктемесі көп. Жағдай жасалса, ауылда тұрақтап қалуға болады, – дейді жас маман.
Мамандардың айтуынша, кадр тапшылығын шешу үшін тек материалдық жағдай емес, кәсіби қолдау, біліктілікті арттыру, мотивация жүйесі де маңызды.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ
Историями поделились зрители YouTube-канала «Другие места». (далее…)
Елдің ықыласына бөленген игі істер – қоғамдағы адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. (далее…)
В Камыстинском районе подвели итоги конкурса видеороликов и короткометражных фильмов на тему «Таза Қазақстан». Всего…
Облыс әкімдігінде өткен жиында өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралып, ауыл шаруашылығы саласын дамыту…
Қамысты ауданында экономиканы әртараптандыру, ауыл шаруашылығы саласын дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар…
Его участники собираются, чтобы практиковать казахский язык в непринуждённой обстановке, учиться строить диалоги и увереннее…
This website uses cookies.