Жаңашыл басшы Қамыстыдағы Жайылмада тұрады

Ұстаздар күні қарсаңында Жайылма негізгі орта мектебінің директоры, тәжірибелі педагог, ұлағатты ұстаз – Нұрлан Кәрімжанұлы Өтегенов туралы айрықша ілтипатпен айтқымыз келеді.Білім саласында 35 жылдан астам уақыт еңбек етіп келе жатқан Нұрлан ағайдың ұстаздық жолы жас мамандар мен шәкірттерге үлгі боларлық. Ол 1989 жылдан бастап ұстаздық қызметке араласып, 1999 жылдан бері Жайылма мектебін басқарып келеді. Осы уақыт аралығында білім беру сапасын арттыру, мұғалімдердің кәсіби дамуы және оқушылардың тәрбиесі жолында аянбай еңбек етіп келеді.


Мектеп ұжымы Нұрлан Кәрімжанұлын талапшыл, әділетті, жаңашыл басшы ретінде жақсы таниды. Ол әрқашан жаңа идеяларды қолдап, білім беруде заманауи технологияларды енгізуге ұмтылады. Жас мамандарға тәлімгерлік жасап, олардың кәсіби шыңдалуына жан-жақты қолдау көрсетеді.
Нұрлан ағайдың адамгершілік қасиеті де ерекше атап өтуге тұрарлық. Ол әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға материалдық көмек көрсетіп, жетім және көпбалалы балалардың білім алуына жағдай жасауға үнемі атсалысып келеді. Жайылма ауылында оны тек мектеп басшысы емес, ауыл азаматтарының жанашыры ретінде де таниды.


Көпжылдық еңбегі мемлекет тарапынан да лайықты бағаланды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарына (2003, 2021), «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» медаліне және Қостанай облысы мен Қамысты ауданының бірнеше марапатына ие болған.
«Ұстаздың басты міндеті – балаға тек білім беру емес, оның жүрегіне ізгілік ұялату», – дейді Нұрлан Кәрімжанұлы.
Бүгінде оның шәкірттері түрлі салада жемісті еңбек етіп жүр. Ал бірқатары өз мектебіне қайта оралып, жас мұғалім ретінде қызмет етуде.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

Қайырымды кәсіпкер Қамысты жұртына мерекелік тарту жасады

Елдің ықыласына бөленген игі істер – қоғамдағы адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. (далее…)

2 дня ago

В Камыстинском районе определили победителей конкурса видеороликов «Таза Қазақстан»

В Камыстинском районе подвели итоги конкурса видеороликов и короткометражных фильмов на тему «Таза Қазақстан». Всего…

2 дня ago

Қамыстыда мал шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Облыс әкімдігінде өткен жиында өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралып, ауыл шаруашылығы саласын дамыту…

5 дней ago

Қамыстыда 3 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Қамысты ауданында экономиканы әртараптандыру, ауыл шаруашылығы саласын дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар…

5 дней ago

В Центре обучения языкам в Камыстинском районе действует разговорный клуб «Сөйле Тайм»

Его участники собираются, чтобы практиковать казахский язык в непринуждённой обстановке, учиться строить диалоги и увереннее…

1 неделя ago

This website uses cookies.