Жайылма жерінде ауыл экономикасын дамытуға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бағдарлама ауыл тұрғындарына өз кәсібін бастауға және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік беріп отыр.
Бүгінде аудан бойынша жалпы сомасы 27 миллион теңгені құрайтын үш жеңілдетілген несие мақұлданып, қаржыландырылды. Сонымен қатар жалпы құны 86 миллион теңге болатын тоғыз өтінім қаралу үстінде.
2026 жылға арналған жоспарға сәйкес, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында Қамысты ауданында жалпы құны 222 миллион теңге болатын 22 жобаны іске асыру көзделген.
Қолдау шаралары кәсіпкерліктің әртүрлі бағыттарын қамтиды. Атап айтқанда, Қамысты ауылында жұмыс істеп тұрған кафе жанынан кондитерлік цех ашу үшін қажетті жабдықтар сатып алынды. Аралкөл ауылында шаруа қожалығы несие қаражатына ірі қара мал сатып алса, Алтынсарин ауылында жылқы шаруашылығын дамыту жобасы жүзеге асырылуда.
– Біздің басты міндетіміз – жыл соңына дейін жоспарланған 22 жобаның барлығын іске асыру. Мемлекеттік қолдауды тек қаржылық көмек ретінде емес, ауыл тұрғындарын тұрақты кәсіппен айналысуға тартатын нақты құрал ретінде қарастырамыз, – деді аудан өкілі Ерлан Әлімбайұлы.
Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуге де ерекше көңіл бөлінуде. Жыл басынан бері 15 жәрмеңке ұйымдастырылып, онда сатылған тауарлардың жалпы көлемі шамамен 15 миллион теңгені құрады.
«Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асуы Қамысты ауданындағы шағын кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ауыл тұрғындарының табысын арттыруға мүмкіндік бермек.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Сурет аудан әкімдігінен алынды
Қамысты ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау және көму жүйесі жаңартылып жатыр. (далее…)
Когда в реанимации звучит сигнал монитора, у врача нет времени на долгие раздумья. (далее…)
Қамысты ауданында медицина және білім беру салаларындағы кадр тапшылығын азайту үшін мамандарды тарту жұмыстары жүргізіліп…
В недавно открытом спорткомплексе «Камысты Арена» уже собираются любители активного отдыха. (далее…)
Аудан әкімдігі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі 8-11-сынып оқушыларымен кездесіп, заңға құрмет, әділдік және жеке жауапкершілік…
Қамысты ауданына қарасты Арқа ауылында теміржол саласында 22 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан Жанат…
This website uses cookies.