Қамысты ауданында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға айрықша көңіл бөлініп отыр. Бүгінде ауданда 446 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның 427-сі, яғни 95,7 пайызы нақты жұмыс істеп тұр.
Аудан әкімдігі жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр. Осы мақсатта тіркелгенімен, уақытша жұмыс істемей тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізілуде.
Аудан басшысының айтуынша, шағын және орта бизнес – экономиканы әртараптандырудың, жаңа жұмыс орындарын ашудың және жергілікті кіріс базасын кеңейтудің маңызды тетігі.
«Шағын және орта бизнес – аудан экономикасын әртараптандырудың, жаңа жұмыс орындарын ашудың және жергілікті кіріс базасын кеңейтудің негізгі факторларының бірі. Сондықтан біз үшін тек жаңа кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу емес, олардың нақты жұмыс істеуі маңызды», – деді аудан басшысы.
Биыл Қамысты ауданында жалпы құны 200 миллион теңгеге жуық болатын шағын және орта бизнес саласындағы бес жобаны іске асыру жоспарланған. Жобалар жүзеге асқан жағдайда 16 жаңа жұмыс орны ашылады.
Қазірдің өзінде аудан орталығында «Нават» кафесі мен жаңа киім-кешек дүкені өз жұмысын бастады. Екі жобаның инвестициялық көлемі 30 миллион теңгені құрап, нәтижесінде төрт жаңа жұмыс орны ашылды.
Жыл соңына дейін жалпы құны 165 миллион теңге болатын тағы үш жобаны іске асыру көзделіп отыр. Бұл жобалар аясында 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.
Қамысты ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаевтың айтуынша, негізгі мақсат – инвестициялық жобаларды уақтылы жүзеге асырумен қатар, ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіп, жаңа жұмыс орындарының санын арттыру.
«Ауылдың экономикасы ең алдымен сол жерде тұратын халықтың белсенділігіне байланысты. Сондықтан біз тұрғындарға дайын жұмыс орнын ұсынумен қатар, өз кәсібін бастауға мүмкіндік беруге тиіспіз. Мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, кәсіп бастауға ниетті азаматтардың санын арттыру – басты міндеттеріміздің бірі», – деді Ерлан Жаулыбаев.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ
Жайылма жерінде ауыл экономикасын дамытуға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бағдарлама ауыл…
Қамысты ауданында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағытында биыл үш инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Жобалардың жалпы…
Уборочная кампания в Камыстинском районе продолжается (далее…)
Қамысты ауданында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында елді мекендерді абаттандыру және санитарлық жағдайды жақсарту бойынша…
Қамысты ауданында жаңа оқу жылы ерекше көңіл-күймен басталды. Биыл аудан бойынша 131 бүлдіршін алғаш рет…
Қамысты ауданында 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауданның қысқы кезеңге қажетті көмір…
This website uses cookies.