Қамыстыда ауыл тұрғыны жылқы басын көбейтпек

Алтынсарин ауылының тұрғыны Дәурен Ержанов «Ауыл аманаты» бағдарламасының мүмкіндігін пайдаланып, жылқы шаруашылығын қолға алды.

Биыл көктемде ол 10,5 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, оған 13 бас бие сатып алған. Ендігі мақсаты – жылқы басын көбейтіп, шаруашылығын біртіндеп кеңейту.

Негізгі мамандығы – ұстаз. Дәурен Ержанов Алтынсарин ауылдық мектебінде мұғалім болып еңбек етеді. Дегенмен бала күнінен төрт түлікке қызығып өскен ол жеке шаруашылық ашуды көптен бері ойлаған. «Ауыл аманаты» бағдарламасы осы жоспарын жүзеге асыруға мүмкіндік берген.

– Бала кезімнен малға қызығатынмын. Жеке шаруашылық ашқым келді. Осы мақсатпен «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысуға шешім қабылдадым. Қажетті құжаттарды жинап, барлық кезеңнен өттім. Нәтижесінде 10 млн 500 мың теңге көлемінде несие алдым. Қаражатқа 13 бас бие сатып алдым. Ендігі мақсатым – мал басын көбейтіп, шаруашылықты біртіндеп дамыту, – дейді Дәурен Ержанов.

Шаруашылық иесі несиені жылдық 2,5 пайыздық мөлшерлемемен алған. Қазір жылқылары ауыл маңындағы жайылымда бағылуда. Қыс мезгілінде де тебінде ұстау жоспарланып отыр.

Алтынсарин ауылында он жылдан астам уақыт тұратын Дәурен үшін бұл – тек қосымша табыс көзі емес, өзі қызығатын кәсіп. Оның айтуынша, ауылда шаруашылықпен айналысу үшін ең алдымен еңбекқорлық пен істі сүйіп атқару қажет.

Көпбалалы отбасы үшін де қолға алған істің маңызы зор. Шаруашылықты кеңейтіп, мал басын арттыру арқылы отбасы табысын көбейтуді көздейді. Ал 13 бастан басталған жылқы шаруашылығын алдағы уақытта одан әрі ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Дәурен Ержановтың бұл бастамасы ауыл тұрғындарына өз кәсібін бастауға мүмкіндік беретін «Ауыл аманаты» бағдарламасының нақты нәтижелерінің бірі. Жеңілдетілген несие ауылдағы кәсіпті дамытуға, мал басын көбейтуге және тұрғындардың экономикалық белсенділігін арттыруға жол ашып отыр.

Қамысты ауданында бағдарламаға қызығушылық танытқан тұрғындар да бар. Бүгінде жалпы сомасы 27 млн теңгеге үш жеңілдікті несие мақұлданып, қаржы иелеріне берілді. Сонымен қатар жалпы сомасы 86 млн теңгені құрайтын тағы тоғыз өтінім қаралуда.

Бағдарламаның тиімді тұсы – ауыл тұрғындарының кәсіп бастауына қажетті қаржыны қолжетімді шартпен алу мүмкіндігі. Әсіресе мал шаруашылығын дамытқысы келетіндер үшін бұл – шаруашылықты кеңейтіп, жаңа мүмкіндікке қадам басуға берілген қолдау.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Сурет кейіпкердің өзінен алынды

Редактор

Recent Posts

Торғайға келген жас маман

Бала күні кеше ғана үлкен өмірге қадам басып, ақ халат киюді армандаған жас жеткіншектер бүгінде…

7 минут ago

Қамыстыда спортқа көңіл бөлінуде

Қамысты ауданында бұқаралық спортты дамытуға және тұрғындарды салауатты өмір салтына тартуға басымдық беріліп келеді. (далее…)

1 день ago

Қамыстыда бес отбасы жаңа баспанаға ие болды

Қамысты ауылында тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған жұмыстар жалғасуда. (далее…)

4 дня ago

Қамыстыда 343 адам жұмысқа орналасты

Қамысты ауданында жыл басынан бері 343 адам жұмыспен қамтылды. (далее…)

1 неделя ago

Қамыстыда ауызсу желілері 100 млн теңгеге жаңғыртылды

Қамысты ауданындағы Клочков ауылында су құбыры желілерін қалпына келтіру және жаңғырту жұмыстары аяқталды. (далее…)

1 неделя ago

В Камыстинском районе завершился прием заявок на конкурс «Лучший двор – лучший дом»

В этом году желание показать плоды своих стараний и умений изъявили 10 семей из с.…

1 неделя ago

This website uses cookies.