Қамысты ауданында бұқаралық спортты дамытуға және тұрғындарды салауатты өмір салтына тартуға басымдық беріліп келеді.
Әсіресе, ауылдық елді мекендердегі спорттық инфрақұрылымды дамыту, балалар мен жастардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Бүгінде ауданда тұрғындарға қызмет көрсететін 76 спорт нысаны бар. Жыл басынан бері аудан көлемінде 253 спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шарасы ұйымдастырылып, оған 7 мыңнан астам тұрғын қатысты. Бұл спорттың аудан халқы арасында кеңінен қанат жайып келе жатқанын көрсетеді.
Жас спортшыларды даярлау ісіне де ерекше мән берілуде. Қамысты аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бүгінде 400-ге жуық бала спорттың түрлі түрімен шұғылданады. Биыл спорт мектебінің төрт тәрбиеленушісі спорт шеберіне кандидат нормативін сәтті орындады.
Аудан спортшылары облыстық және республикалық деңгейдегі жарыстарда да Қамыстының намысын абыроймен қорғап жүр. Әсіресе, волейбол мен еркін күрестен жақсы нәтижелер бар. Қамыстының жас спортшылары облыстық чемпионаттарда жүлделі орындардан көрініп, бірқатар жарыста жеңіс тұғырынан табылды.
Спорттағы мұндай жетістіктер жасөспірімдердің шеберлігін шыңдап қана қоймай, аудан тұрғындарын бұқаралық спортқа тартуға да серпін беріп отыр. Ал спорттық нысандардың қолжетімді болуы – ауыл балаларының бос уақытын тиімді өткізіп, салауатты өмір салтын қалыптастыруына мүмкіндік береді.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Суреттер аудан әкімдігінен алынды
Алтынсарин ауылының тұрғыны, «Алтынсарин» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас агрономы Әбіл Балмағамбетов ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы»…
В районной больнице появились современные аппараты, которые помогают пациентам восстанавливать подвижность рук и ног после…
Историями поделились зрители YouTube-канала «Другие места». (далее…)
Елдің ықыласына бөленген игі істер – қоғамдағы адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. (далее…)
В Камыстинском районе подвели итоги конкурса видеороликов и короткометражных фильмов на тему «Таза Қазақстан». Всего…
Облыс әкімдігінде өткен жиында өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралып, ауыл шаруашылығы саласын дамыту…
This website uses cookies.