Қамыстыда бес отбасы жаңа баспанаға ие болды

Қамысты ауылында тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған жұмыстар жалғасуда.

Бұл жолы бес отбасы жаңа баспаналы болып, жаңадан салынған жайлы пәтерлердің кілтін алды.

Ауданда тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша тұрғын үйге мұқтаж ретінде 212 азамат есепте тұр. Тұрғын үй мәселесін кезең-кезеңімен шешу мақсатында биыл жалпы құны 1 млрд теңгеден асатын 34 тұрғын үйді салу және реконструкциялау жоспарланған. Нәтижесінде жалпы ауданы 3 700 шаршы метр болатын 57 пәтер пайдалануға берілмек.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен жалпы ауданы 2 960 шаршы метрді құрайтын 46 пәтерге арналған 23 екі пәтерлі тұрғын үй салуға 856 млн теңге бағыттау көзделген. Сонымен қатар жеке инвестициялар есебінен 4 үй немесе 4 пәтер салу, сондай-ақ жалпы ауданы 740 шаршы метр болатын 7 үйді қайта жаңарту жоспарланған. Бұл мақсатқа 320 млн теңге көлемінде инвестиция тартылмақ.

Жеке инвестицияларды тұрғын үй құрылысына тарту жаңа тұрғын үй қорын қалыптастырумен қатар, елді мекендерді қажетті мамандармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ауданда тұрғын үй құрылысына бизнес өкілдері де белсенді үлес қосып келеді. 2023 жылдан бері жеке инвестициялар есебінен жалпы құны 840 млн теңге болатын 34 тұрғын үй салынды.

Соңғы үш жылда ауданда 120 отбасы баспаналы болды. Қазіргі таңда мемлекеттік қолдауға мұқтаж азаматтарға арналған тағы 36 пәтердің құрылысы жүргізілуде. Қамысты ауылында баспаналы болған отбасылардың қатарында Светлана Сәлімжанова, Шынар Щипанская, Ерболат Оралбаев, Анжела Эпштейн және Гүлсім Арысбаевалар бар. Оларға жаңадан салынған, жалпы ауданы 80 шаршы метр болатын жайлы пәтерлердің кілті табысталды.

Шынар Щипанская жаңа баспанаға ие болғанына қуанышын білдіріп, көрсетілген қолдау үшін алғысын жеткізді.

«Шынымды айтсам, мен өте қуаныштымын! Бұрын баспанамыз болмаған еді. Бүгін отбасымызбен үлкен, жап-жаңа пәтерге қол жеткізіп отырмыз. Осындай зор қолдау көрсеткен Мемлекет басшысына, облыс және аудан басшылығына шексіз алғысымызды білдіреміз», – деді ол.

Аудан әкімі Ерлан Жаулыбаевтың айтуынша, тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары алдағы уақытта да жалғасып, тұрғын үй мәселесін шешудің тиімді тетіктері кезең-кезеңімен іске асырылатын болады.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

Редактор

Recent Posts

Қайырымды кәсіпкер Қамысты жұртына мерекелік тарту жасады

Елдің ықыласына бөленген игі істер – қоғамдағы адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. (далее…)

3 дня ago

В Камыстинском районе определили победителей конкурса видеороликов «Таза Қазақстан»

В Камыстинском районе подвели итоги конкурса видеороликов и короткометражных фильмов на тему «Таза Қазақстан». Всего…

3 дня ago

Қамыстыда мал шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Облыс әкімдігінде өткен жиында өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралып, ауыл шаруашылығы саласын дамыту…

6 дней ago

Қамыстыда 3 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Қамысты ауданында экономиканы әртараптандыру, ауыл шаруашылығы саласын дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар…

6 дней ago

В Центре обучения языкам в Камыстинском районе действует разговорный клуб «Сөйле Тайм»

Его участники собираются, чтобы практиковать казахский язык в непринуждённой обстановке, учиться строить диалоги и увереннее…

1 неделя ago

This website uses cookies.