258 мың гектар алқаптан өнім жинап алу жоспарланып отыр.
Қамысты ауданында жыл бойғы еңбектің нәтижесін беретін маңызды кезең – егін жинау науқаны басталды. Биыл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 258,7 мың гектар дәнді және бұршақты дақылды ысырапсыз жинап алуды жоспарлап отыр.
Дала жұмыстарын қысқа мерзімде әрі сапалы аяқтау үшін барлық ресурстар жұмылдырылған. Жалпы егіс алаңы – 309 мың гектар (бидай – 234 мың га, майлы дақылдар – 42 мың га, жемшөп – 8 мың га, сонымен қатар картоп пен көкөністер бар). Қазіргі уақытта 8,1 мың гектар бастырылып, орташа өнімділік гектарына 7,7 центнерді құрады. Науқанға 1 285 бірлік техника (648 трактор, 306 комбайн, 331 жүк көлігі) мен 1,5 мыңға жуық жұмысшы тартылды. Жыл басынан бері шаруалар 1 млрд 243 млн теңге жеке қаражат бағыттап, 24 жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды.
Аудан диқандары ауа райының қолайлығын тиімді пайдаланып, мал азығын дайындау жұмыстарын да қатар жүргізді. Жиналыған 64 мың тонна шөп аудан шаруашылықтарын шамамен бір жарым жылдық жем-шөп қорымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Мақсат – тек бидай көлемін көбейту емес, ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру. Егіс құрылымы әртүрлі болған сайын, шаруашылықтардың ауа райы мен нарықтағы бағаға тәуелділігі де төмендейді. Ендігі басты міндет – өнімді уақытылы әрі ысырапсыз жинап алу», – Қамысты ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев.
Ауданда өсімдік шаруашылығын дамытудың Жол картасы аясында су үнемдеу технологияларын енгізу мен элиталық тұқымдарды пайдалану жоспары 100 пайыз орындалды. Алдағы апталарда ауданның басты басымдығы – егістік алқаптарындағы.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген – Бердіболат Көркембаев
Қамысты ауданына қарасты Арқа ауылында теміржол саласында 22 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан Жанат…
В этом кабинете считают не только иксы и проценты. (далее…)
Қамысты ауылында көпбалалы Арысбаевтар отбасы жаңа баспананың кілтін алды. (далее…)
Село Уркаш издавна известно в Камыстинском районе своими бахчевыми культурами. (далее…)
Кей адамның өмір жолына көз жүгіртсеңіз, оның мамандығы мен болмысы бір-бірімен біте қайнасқанын байқайсыз. (далее…)
Ливанов ауылындағы «Алиев» шаруа қожалығында 2027 жылғы егіс науқанына дайындық жұмыстары басталды. (далее…)
This website uses cookies.