Қамыстыда инклюзивті білімді қолдау кабинеті ашылды

Қамыстыда №1 Қамысты жалпы білім беретін мектебінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім беру мақсатында инклюзивті қолдау кабинеті ашылды.Кабинетті жабдықтауға 8,5 млн теңге облыстық бюджеттен бөлінді. Ол ерекше қажеттіліктері бар балаларға қажет құралдармен жабдықталған. Бұл ауданда ашылған алғашқы кабинет. Аядай ғана мына бөлмеде ерекше балалар өзін жайлы сезінеді. Сабақ кезінде мазасы болмаса осында асығады. Мамандар да балалардың ортаға тез бейімделіп, қалыптасуы үшін мұндай кабинеттердің көмегі зор екенін айтады.

– Бұл кабинеттің бірден бір пайдасы ерекше балалардың қалыпты ортаға бейімделуіне әсер етеді. Өйткені, мұнда түзету жұмыстары, ұсақ моторикамен жұмыс жасайды, зейінін ашады баланың және дефектологиялық, логопедия және психология жағынан үлкен қолдау көрсетіледі. Балалар өздерін ортада қалыпты сезінеді,- дейді №1 Қамысты жалпы білім беретін мектебінің психологы Айнұр Біржанова.

Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың саны жыл сайын артып барады. Қазір Қамысты ауданында 109 бала есепке алынған. Жалпы мектепте білім алып жүрген мүмкіндігі шектеулі балалар енді сабақтан тыс уақытта, қосымша жүктелгенде арнайы инклюзивті кабинетке бара алады. Мұнда логопед, психологтар жұмыс істейді. Енді мүмкіндігі шектеулі балалар өз құрбы-құдастарымен бір партада оқып, түсінбеген, игермеген бағдарламаларын жеке оқи алады.


Ата-аналар да қолдау кабинеттің ашылғанына қуанышты. Сергей Николаевич баласы үшін ешқандай кедергі жоғын айтады.

«Біздің мектепте мұндай кабинеттің ашылғаны жақсы болды. Кабинет қажетті құрал-жабдықтармен жабдқталған. Пайдасы зор», – дейді ата-ана.
№1 Қамысты жалпы білім беретін мектептегі инклюзивті кабинет те ата-аналардың ұсынысымен және Жол картасы шеңберінде және ерекше білім алу қажеттілігі бар оқушыларға инклюзивті білім беру мақсатында қолға алынған. Қазір арнайы кабинетте он шақты бала ниет білдіріп отыр. Мұндағы логопед және психолог мамандар балаға көмек көрсетеді.

Мектеп қабырғасындағы ресурстық кабинет – бұл кез-келген баланың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың дамуы үшін кедергісіз, толерантты және достық атмосфера мен жағдай жасауға мүмкіндік беретін бірнеше аймақтан тұратын заманауи кеңістік.
Инклюзивтік білім беруді қолдау кабинетінің мамандары мектепте оқу процесінде оқушыларға психологиялық-педагогикалық, коррекциялық қолдау көрсететін болады.

-Қамысты ауданында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл кабинет аудан бойынша бірінші болып табылады. Және оның мақсаты – қолжетімді әрі баланың дамуы үшін кедергісіз болмақ», – деп атап өтті құттықтау сөзінде Қамысты аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлнар Алдонғарова.

№1 Қамысты жалпы білім беретін мектеп директорының оқу-тәрбие ісінің орынбасары Елена Довгополова кабинеттің осы мектепте ашылуына алғыс білдірді. Оның айтуынша, мектепте 43 инклюзивті бала білім алады. Мұндағы арнайы мамандар әр баламен жеке дайындалады.
Кабинет психологы Айнұр Біржанованың айтуынша, ашылған кабинетте шамамен 10 бала білім алады. Диагноздары – бір баланікі ақыл-ойы кемі, қалғандары психикалық дамуында кешеуілдеу белгісі. Үйде оқитын балалар да кабинетке келіп айналысатын болады.

-Бұрындай жай жабдықталмаған кабинетте өткізетін едік. Әсіресе, ата-аналары қуанып жатыр. Кесте бойынша жұмыс жүргіземіз. Мәселен, 1-2 сынып оқушылары сабақтан кейін келеді, 3-5 сыныптар түстен кейін дайындалды. Кабинетте сабақ өтетін аймақ, заманауи экран, сенсорлық аймақ, батут, барлық қажеттілік бар, – дейді Айнұр Біржанова

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді Қамысты аудандық білім бөлімі ұсынды.

Редактор

Recent Posts

Юные камыстинцы получили подарки от акима района

В районном Доме культуры накануне встречи 2026 года прошла елка акима района. (далее…)

4 дня ago

40 мальчишек и девчонок Камыстинского района собрала новогодняя елка в селе Арка

Мероприятие состоялось в Доме досуга села Арка. Гостями праздника стали дети членов Локального профсоюза образования…

5 дней ago

Предприниматель из Камысты Роза Акбасова провела благотворительную елку для учащихся школ

Встреча прошла накануне празднования Нового года в кафе «Ханшайым». (далее…)

6 дней ago

Камыстинский район один из лидеров по развитию конных видов спорта в Костанайской области

2025 год стал знаковым для района: в селе Камысты был построен  современный ипподром, ставший важной…

6 дней ago

В Камыстинском районе предприниматель из села Арка открыла новое кафе

«Дәмді», что в переводе с казахского языка означает «вкусно», так символично назвала свое кафе…

6 дней ago

Камыстинцы украсили свои дома и улицы, создавая новогоднюю атмосферу

В преддверии Нового 2026 года значительно преобразилось село Камысты. Гостей и жителей на въезде встречают…

2 недели ago

This website uses cookies.