Қамыстыда кадр тапшылығын қалай шешілуде?

Мамандарды ауылда ұстап қалудың басты тетігі – баспана.

Ауылдағы ақ халаттылар мен ақ тақта басындағы ұстаздар тапшылығы – жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан түйінді мәселе. Осы орайда Қамысты ауданы мәселенің тамырын дәл басып, жас мамандарды баспанамен қамту арқылы өңірде тұрақтандырудың тиімді жолын тауып отыр.

Бүгінде аудан аумағында 15 алғашқы медициналық-профилактикалық көмек нысаны жұмыс істейді. Жалпы денсаулық сақтау саласында 147 қызметкер еңбек етсе де, кадр жетіспеушілігі жиі сезілетін. Дегенмен, жүйелі жұмыстың арқасында бұл олқылықтың орны біртіндеп толып келеді. Жыл басынан бері өңірге 6 орта медициналық қызметкер келіп, Дружба және Клочков ауылдарындағы маман тапшылығы толығымен жабылды. Жалпы есеппен 7 медицина маманы тартылып, оларға баспана мен қажетті мемлекеттік көмек толық көлемде көрсетілді.

Ал білім беру саласындағы педагог тапшылығын жою үшін жергілікті билік жоғары оқу орындары және колледждермен тығыз байланыс орнатқан. Оқу орнын тәмамдаған жастарға тиісті сағаттар беріліп, әрі тұрғын үймен қамтамасыз етілуде. Мектептердегі мұғалімдердің жетіспейтін орындары өзге мектептерден мамандарды тарту және осындай нақты қолдау шаралары арқылы толықтай жабылып отыр.

Мамандарды ауылда ұстап қалудың ең басты тетігі – баспана екені анық. Қамысты ауданында бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылып, соңғы үш жылдың өзінде 150-ге жуық үй толығымен реконструкциядан өтті. Келген мамандар мен оңтүстік өңірлерден қоныс аударушыларға осы үйлер беріліп жатыр.

Оңтүстіктен солтүстікке көшу үрдісі де назардан тыс қалған жоқ. Әкімдік қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдауда ең алдымен мұғалімдер мен дәрігерлерге басымдық береді. Бүгінде көшіп келген 4 отбасының мәселесі толық шешіліп, барлығы ауданда тұрақтап қалды, кері көшіп кеткендер жоқ.

Қазіргі таңда Қамыстыға көшіп келуге ниетті азаматтар бар, алайда басты қиындық, жыл соңына қарай квотаның жетіспеушілігі туындауы мүмкін. Соған қарамастан, мемлекет тарапынан жасалып жатқан жағдайлар мен баспана мәселесінің оң шешілуі өңірге деген қызығушылықты арттырып отыр.

«Біз үшін әрбір маман – алтын салмағымен тең. Ауылдың ертеңі мен дамуы білікті кадрларға тікелей байланысты. Сондықтан келген әрбір жас маманға немесе оңтүстіктен қоныс аударған отбасыға ең алдымен баспана мен тұрақты жұмыс ұсынуды басты назарда ұстаймыз. Соңғы жылдары жүзеге асқан жұмыстардың нәтижесі көріне бастады, жас мамандар келіп жатыр, ең бастысы, ауылда тұрақтап қалуда. Алдағы уақытта да бұл жұмысты бәсеңдетпей, кадр тапшылығын түпкілікті шешуге барын саламыз», – дейді Қамысты ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Суреттер аудан әкімдігінен алынды

Редактор

Recent Posts

Қайырымды кәсіпкер Қамысты жұртына мерекелік тарту жасады

Елдің ықыласына бөленген игі істер – қоғамдағы адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. (далее…)

3 дня ago

В Камыстинском районе определили победителей конкурса видеороликов «Таза Қазақстан»

В Камыстинском районе подвели итоги конкурса видеороликов и короткометражных фильмов на тему «Таза Қазақстан». Всего…

3 дня ago

Қамыстыда мал шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Облыс әкімдігінде өткен жиында өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралып, ауыл шаруашылығы саласын дамыту…

6 дней ago

Қамыстыда 3 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Қамысты ауданында экономиканы әртараптандыру, ауыл шаруашылығы саласын дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар…

6 дней ago

В Центре обучения языкам в Камыстинском районе действует разговорный клуб «Сөйле Тайм»

Его участники собираются, чтобы практиковать казахский язык в непринуждённой обстановке, учиться строить диалоги и увереннее…

1 неделя ago

This website uses cookies.