Қамыстыда қоныс иелеріне пәтер кілті табысталды

Жаңадан салынған тұрғын үйлердің ашылуына орай ұйымдастырылған салтанатты шарада облыс әкімі Құмар Ақсақалов бірқатар азаматтарға жаңа пәтер кілттерін табыстады.

– Бүгінгі қуанышты оқиғамен баршаңызды құттықтаймын. Президентіміз атап өткендей, қолжетімді баспана – арман емес, нақты мақсат пен міндет. Биыл облыс бойынша 500 мың шаршы метр тұрғын үй салынады, – деді облыс басшысы құттықтау сөзінде.

Салтанатты жиында Түркістан облысынан Қамысты ауданына қоныс аударған көп балалы отбасы Әбіш Жәрімбетовтің шаңырағы да ерекше назарға ілікті. Отбасы жаңа баспананың кілтін алып, ел алдында ризашылық білдірді.

– Қамыстыға көшіп келгенімізге екі айдай ғана уақыт болды. Алғашында қорқыныш болғанымен, қазір ауданның дамуына куә болып отырмыз. Баспана беріліп, жұмысқа орналасып жатырмыз. Мемлекет қолдауына алғысымыз шексіз, – деді Әбіш Жәрімбетов.

Қазіргі таңда Әбіш Жәрімбетов аудан орталығындағы қазақ мектебінде география пәнінің мұғалімі болып еңбек етсе, жары Ұлмекен аудандық ауруханада терапевт-дәрігер қызметін атқарып жүр.

Облыс әкімі оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару бағдарламасының тиімді жүзеге асып жатқанын атап өтіп, мұндай қолдаудың ел демографиясы мен еңбек нарығына оң әсер ететінін жеткізді.

– Жұмыс істеймін, кәсіп ашамын деген азаматқа мемлекет барлық жағдайды жасап отыр. Газ, су, инфрақұрылым бар. Еңбек еткен адамға Қамыстыда мүмкіндіктің мол екенін көріп отырмыз, – деді Құмар Ақсақалов.

Қамысты ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаевтың мәліметінше, Қамыстыда құрылыс жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Жоспар бойынша бірнеше әлеуметтік нысан мен тұрғын үй салынып, ел игілігіне беріледі.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

Редактор

Recent Posts

Қайырымды кәсіпкер Қамысты жұртына мерекелік тарту жасады

Елдің ықыласына бөленген игі істер – қоғамдағы адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. (далее…)

2 дня ago

В Камыстинском районе определили победителей конкурса видеороликов «Таза Қазақстан»

В Камыстинском районе подвели итоги конкурса видеороликов и короткометражных фильмов на тему «Таза Қазақстан». Всего…

3 дня ago

Қамыстыда мал шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Облыс әкімдігінде өткен жиында өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралып, ауыл шаруашылығы саласын дамыту…

5 дней ago

Қамыстыда 3 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Қамысты ауданында экономиканы әртараптандыру, ауыл шаруашылығы саласын дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар…

5 дней ago

В Центре обучения языкам в Камыстинском районе действует разговорный клуб «Сөйле Тайм»

Его участники собираются, чтобы практиковать казахский язык в непринуждённой обстановке, учиться строить диалоги и увереннее…

1 неделя ago

This website uses cookies.