Заманында даңқы алысқа кеткен, талай игі жақсының кіндік қаны тамған Орқаш ауылы бүгінде уақыттың тәлкегіне ұшырап, жұрт көші үдерген, мұңы мен сағынышы қабаттасқан мекенге айналды.

Бұл өңірде Бабасан, Қара Қағай, көріпкел Жәудір әже, Байсары, Толысбай, Күмпей, Бажыр батырлар мен Сейітжан жырау сынды тарихи тұлғалар өмір сүрген. Бір кездері ауылдың ахуалы жақсы, тұрмысы сайлы еді. Мектебі, мәдениет үйі, спорт кешені мен шаруашылық нысандары жұрттың берекелі тіршілігінің белгісі болатын. Алайда 90-жылдардың тоқырауымен бірге ауылдың тамырына балта шабылды. Жұрт амалсыздан жан-жаққа көшіп, Орқашта бүгінде небәрі он екі түтін ғана қалып отыр.

2019 жылы ауылдағы жалғыз екі қабатты мектеп жабылып, кейін ғимараты бұзылды. Бір кезде үш жүзден астам бала білім алған мектеп бүгінде қаңырап бос тұр. Кезінде ел рухын көтеріп тұрған мәдениет үйі мен спорт кешенінің, кең қой қораларының да қазіргі күйі – ішті ауыртар көрініс. Ауыл тұрғындары үшін ең үлкен қиындық – жол.

«Қиыршық тас төселгенімен, ол жеңіл көліктерге қолайсыз, дөңгелектерін жарып жібереді. Қыстың боранды күндері жол мүлде жабылып, қатынас үзіледі. «Өзіңіз көрген шығарсыз, Алтынсариннен кейін бізге жететін жолға қиыршық тас төселген. Жеңіл көліктердің дөңгелегін шыдатпай, жарып жібереді», – дейді ауыл тұрғыны Бауыржан Аманов.

Ауыл кезінде қой шаруашылығымен аты шыққан. Өлке жайылымға бай, табиғаты ерекше. Тіпті жер астынан тұз шығып жатқан ерекше аймақ саналады. Ақтөбе облысымен шекаралас жатқан Орқаш – тарихи да, табиғи да бай мекен. Дегенмен осындай әлеуетке қарамастан, жолдың нашарлығы, инфрақұрылымның ескіргені ауылды артқа тартуда.

Соңғы жылдары біртіндеп өзгерістер де болып жатыр. 2023 жылы Beeline компаниясы 30 метрлік антенна орнатып, 4G интернет байланысын қосқан. Оған дейін ауылдықтар сыртпен хабар алмасудың азабын тартып келген. Су жүйесі жер асты құдықтарынан және бұлақтардан тартылған, тұрғындар тіршілік нәрінен тарығып отырған жоқ. Биыл көршілес жатқан «Алтынсарин» ЖШС директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Борис Князев ауыл балаларына ойын алаңын салып беріпті.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

Сборная Камыстинского района победила в спартакиаде среди госслужащих Костанайской области

C 28 по 31 мая в городе Костанае состоялась спартакиада среди административных и политических государственных…

1 день ago

Қарабатыр мектебінде жылыжай пайда болды

Оқушылар алғашқы өнімді күтуде  (далее…)

6 дней ago

Қамыстыда жазғы лагерь жұмысы 1 маусымда басталады

Биыл 1221 бала жазғы демалыспен қамтылады. (далее…)

1 неделя ago

Приезжать работать в Камыстинский район призвали молодых людей аксакалы

В Камыстинской общеобразовательной школе №1 состоялась профориентационная встреча выпускников с представителями районного Совета ветеранов, Карьерного…

2 недели ago

В Камыстинском районе организовали благотворительную акцию по благоустройству мечети

Жители села Жайылма объединились ради благого дела. 13 мая в селе Камысты коллектив Жайылминской основной…

2 недели ago

Қамыстыда өрт қауіпсіздігі бақылауда

Профилактикалық жұмыстар мен рейдтер саны артты. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.