Қамыстыда құрылыс және абаттандыру жұмыстары жүйелі жүргізілуде

Биыл Қамыстыда ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсарту мақсатында ауқымды құрылыс және абаттандыру жұмыстары жүзеге асырылды.

Жоспарланған жобалар мемлекеттік және тартылған қаражат есебінен орындалып, халықтың тұрмыс жағдайын көтеруге бағытталды.
Қамысты ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаевтың айтуынша, бұл жобалар тек ауыл инфрақұрылымын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың күнделікті өміріне жайлылық қосады, әрі елді мекендердің келбетін өзгертіп, әлеуметтік-мәдени дамуына серпін береді.


Аудан орталығында заманауи талаптарға сай «Атамекен» саябағы салынды. Жобаның жалпы құны 150 миллион теңгені құрап, оның ішінде облыстық бюджеттен – 50 млн. теңге, ал 100 млн. теңге көлемінде демеушілік қаражат тартылды. Саябақ аумағына көктем мезгілінде 250 қарағай мен 75 пирамидалық терек көшеттері отырғызылып, жасыл желектерді суару жүйесі орнатылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай, армян этномәдени бірлестігі саябақ кіреберісін салып, іргелес автотұрақты абаттандыруға өз үлесін қосты. Бұл жоба аудан тұрғындары үшін тартымды демалыс орнына айналды.

Тамыз айында аудандық аурухана аумағында «Денсаулық» деп аталатын жаңа сквер пайдалануға берілді. Жобаның құны – 30 миллион теңге, толығымен облыстық бюджет есебінен қаржыландырылды. Сквер аумағы келушілер мен емделушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында абаттандырылып, жаңа қоршаулар орнатылды.


2025 жылғы 9 мамырда Қамысты ауылында жаңа «Арғымақ» ипподромының салтанатты ашылуы өтті. Жобаның құны 7 миллион теңгені құрап, құрылыс жұмыстары түгелдей тартылған қаражат есебінен жүзеге асырылды. Бұл нысан ұлттық спорт түрлерін, соның ішінде ат жарысын дамытуға және ауданаралық, өңірлік жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді.

Мамыр айында аудан орталығындағы алаңда төрт габион орнатылып, көше фонтанына ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл шағын абаттандыру жұмыстары аудан орталығының эстетикалық келбетін арттыра түсті.

Балалар демалысы мен бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында бірнеше елді мекенде ойын алаңдары орнатылды. 2025 жылдың соңына дейін тартылған қаражат есебінен Қамысты, Алтынсарин, Арқа, Дружба, Ливанов және Орқаш ауылдарында жалпы сомасы 50 млн теңгеге 6 ойын алаңын салу жоспарланған болатын. Қазіргі таңда Қамысты, Алтынсарин, Арқа, Ливанов және Орқаш ауылдарында алаңдар толық орнатылып, абаттандыру жұмыстары аяқталды.


Сонымен қатар, «Қарабатыр» агрофирмасы өз қаражаты есебінен (1,5 млн. теңге) Қарабатыр ауылындағы ойын алаңына жөндеу жүргізіп, балаларға қауіпсіз әрі ыңғайлы орта қалыптастыруға өз үлесін қосты.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

Редактор

Recent Posts

В Камыстинском районе начал работу Совет биев, созданный при районном Совете ветеранов

Аксакалы будут помогать жителям решать споры без суда. В состав совета вошли уважаемые аксакалы, почётные…

2 часа ago

165 семей в Камыстинском районе были обеспечены датчиками угарного газа

Сотрудники отдела по чрезвычайным ситуациям Камыстинского района совместно с представителями местных исполнительных органов посетили дома отдельной категории…

8 часов ago

В селе Камысты продолжается строительство физкультурно-оздоровительного комплекса

Новый объект станет важной частью спортивной инфраструктуры района и откроет большие возможности для занятий физической…

24 часа ago

Қамыстылық ақын Нағашыбай Ақылжан аймақтық айтыста топ жарды

Рудныйда «Алаш» қозғалысының көсемдерінің бірі, көрнекті қоғам қайраткері, жалынды ақын Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына…

4 дня ago

This website uses cookies.