Қамыстыда шөп шабу науқаны қызу жүріп жатыр

Қамысты ауданында мал азығын дайындау жұмыстары жоспарлы әрі қарқынды түрде жүргізілуде.

Биылғы жылы өңірдегі ауыл шаруашылығы құрылымдары мен тұрғындардың мал азығына деген қажеттілігі жоғары. Қамысты аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, жалпы шөпке деген қажеттілік – 42,6 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде 24,9 мың тоннасы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қажеттілігі болса, 17,7 мың тоннасы жеке шаруашылықтарға тиесілі.


Шөп шабу маусымы шілде айының алғашқы күндерінен бастап қолға алынды. Бүгінгі таңда аудан бойынша 37,7 мың тонна шөп жиналды, бұл жылдық жоспардың 88,5 пайызына тең. Жоспарлы жұмыстар ауа райының қолайлылығына орай белгіленген мерзімде орындалуда. Шөп шабу науқанына аудан көлеміндегі ауыл шаруашылығы құрылымдары мен шаруа қожалықтары белсене қатысуд.

Атап айтқанда, «Алтынсарино» ЖШС, «Қарабатыр» АФ ЖШС, «Содружество-98» ӨК, «Өмір-2005» ЖШС, «Бестөбе-2» ЖШС, «Дружба – Кост» ЖШС, «Булаг Агро» ЖШС, «Qanon-96» ЖШС сынды ірі кәсіпорындармен қатар, «Тимур», «Талап», «Teleu», «Ахметов», «Нұртас», «Береке», «Артур», «Данияр», «Водопьянов», «Отан», «Ренат», «Тұрған», «Жәнібек» секілді жеке шаруа қожалықтары да науқан жұмыстарына жұмылдырылған.
Шаруалардың айтуынша, биылғы жылдың ауа райы жағдайы шөптің жақсы шығуына қолайлы болған. Әсіресе, ауданның оңтүстік-батыс бөлігіндегі алқаптарда шөптің өнімі мол.

Шілденің қолайлы күндері де шаруалардың жұмысын жүргізуге пайдасын тигізуде. Ауданда алғашқылардың бірі болып «Қарабатыр» Агрофирмасының №1 бөлімшесінің пішеншілері шабындыққа орақ салды. Қазіргі таңда шөп шабу науқаны қызу жүріп жатыр. Бөлімше бригадирі Руслан Жүсіповтің айтуынша, қазіргі уақытта 500 гектардан астам жердің шөбі шабылған. Бұл жұмыстарға 15 механизатор, 8 «Беларус» тракторы мен К-700 техникасы тартылған. Науқан аяқталғанға дейін 2 мың тоннаға жуық шөп жиналады деп күтілуде.

– Ауа райы тұрақты, жұмысқа еш кедергі жоқ. Шөптің шығымы да, сапасы да көңіл қуантады. Бәрі ойлағандай болып жатыр. Шабылған шөптің бір бөлігі бөлімше айналасындағы тұрғындарға, ал қалған бөлігі Агрофирманың қысқы мал азығына арналады. Шөп шабу науқаны егін піскенше жүреді. Тамыз айының соңына дейін толық аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз, – дейді Руслан Жүсіпов.

«Қазір жұмыс әлдеқайда жеңіл. Шөпті жыққан соң жалда жиналып жатқан жерінен оны пішен тайлағышпен рулондап орап, сол қалпында қалдырамыз. Рулонда жатқан шөпті жауын-шашын да, жел де алмайды. Сол күйі арбаларға тиеп, тракторлармен етекке түсіреміз», – дейді еңбек етіп жүрген жұмысшылар.

Осыған техникасын даярлаған ауданның шаруа қожалықтарында қазір дамыл жоқ. Шөп жинау науқаны аяқтала салысымен алда егін мен өзге де дақылдарды жинау науқаны күтіп тұр.

Айта кетейік, аудандағы барлық ауылдық округтерде науқандық жұмыстар белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Шаруалар шөпті уақытылы жинап, қысқы мал азығымен толық қамтамасыз етуді көздеп отыр.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

В Камыстинском районе проходят экологические мероприятия

Субботники в рамках республиканской экологической программы «Таза Қазақстан» проходят еженедельно. Основной задачей является не только наведение…

3 дня ago

Более 1200 читателей посещают Камыстинскую детскую районную библиотеку

Заведующая детской районной библиотеки Бахыткуль Бухарбаева, опытные сотрудники Евгения Кириллова и Татьяна Николаева относятся к…

3 дня ago

Қамыстыға көшіп келушілер қатары артып келеді

Биыл Қамысты ауданы бойынша қандастарды қабылдау бойынша 9 квота бөлінді. (далее…)

7 дней ago

Қамыстыда бала жүрегіне жол тапқан тәрбиеші

Қарлығаш Тасмұхамедқызы 20 жылдан артық еңбек етіп келеді. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.