Қамыстыда жол инфрақұрылымы жаңартылуда

Қамысты ауданында елді мекен және ауылішілік жолдарды жөндеу жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Бұл жұмыс жергілікті тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі.Жол жөндеу жұмыстары «Камыстыстройсервис» ЖШС мердігер мекемесі арқылы атқарылуда. Жоба аясында жалпы сомасы 500 миллион теңгеден астам қаржы бөлініп, бірнеше ауылда көше жолдарын қалпына келтіру көзделген.
Атап айтқанда, жөндеу жұмыстары, Қамысты ауданының орталығында – 15 көшеде, Адаев ауылында – 1 көшеде, Алтынсарин ауылында – 2 көшеде жүргізілуде.


Қазіргі уақытта жол төсеу және тегістеу жұмыстарының 80 пайызы аяқталып, соңғы кезеңдері жүзеге асырылып жатыр. Ауылішілік жолдың құрылысы толықтай аяқталуға жақын қалды.Мердігер мекеме бекітілген мерзімді сақтай отырып, жұмыстарды сапалы орындауға күш салып отыр.

«Қамысты ауданы бойынша 57 шақырым жолда құрылыс орташа жөндеу және ағымдағы жөндеумен қамтылған. Күзге дейін жоспарда тұрған барлық жолдардың жұмыстарын аяқтаймыз. Оның ішінде ауылішілік жолдармен қатар замануи жарықтандыруларды да қамтыдық», – деді….

Қазір құрылыс барысында мердігер «Камыстыстройсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тынымсыз жұмыс жүргізіп, ауылішілік жолдардың құрылысы қарқынды түрде жасалуда.

Аудан тұрғындары аталған жұмыстарға оң бағасын беріп, жаңарған жолдар әсіресе мектепке баратын оқушылар мен егде жастағы азаматтар үшін қолайлы болатынын айтуда.

«Жобалардың басты мақсаты – аудан және ауыл тұрғындарының қауіпсіз әрі жайлы жүріп-тұруын қамтамасыз ету. Жөнделген жолдар жолаушылар мен көліктер үшін ыңғайлы ғана емес, сонымен қатар күзгі-қысқы уақытта қатынасты жеңілдетуге септігін тигізеді», – деп нақтылады аудандық әкімдік.

Қамысты ауданындағы бұл жобалар – ауылдық және аудан орталығы аумақтарының әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған нақты қадам. Жергілікті тұрғындар алдағы уақытта сапалы жолдың игілігін көретініне сенімді.

Аудан әкімдігі алдағы уақытта да ауылішілік инфрақұрылымды жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасын табатынын мәлімдеді.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

Қайырымды кәсіпкер Қамысты жұртына мерекелік тарту жасады

Елдің ықыласына бөленген игі істер – қоғамдағы адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. (далее…)

2 дня ago

В Камыстинском районе определили победителей конкурса видеороликов «Таза Қазақстан»

В Камыстинском районе подвели итоги конкурса видеороликов и короткометражных фильмов на тему «Таза Қазақстан». Всего…

3 дня ago

Қамыстыда мал шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Облыс әкімдігінде өткен жиында өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралып, ауыл шаруашылығы саласын дамыту…

5 дней ago

Қамыстыда 3 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Қамысты ауданында экономиканы әртараптандыру, ауыл шаруашылығы саласын дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар…

5 дней ago

В Центре обучения языкам в Камыстинском районе действует разговорный клуб «Сөйле Тайм»

Его участники собираются, чтобы практиковать казахский язык в непринуждённой обстановке, учиться строить диалоги и увереннее…

1 неделя ago

This website uses cookies.