Қамыстыда өткен алғашқы көшпелі донорлық акцияға ауылдықтар да атсалысты

Қамысты аудандық ауруханасында осы аптада маңызды шара өтті

Облыстық қан орталығының көшпелі медицина бригадасы арнайы келіп, донорлық қан қабылдау бойынша кең көлемді акция ұйымдастырды. Бұл аудан тұрғындарына өз ортасынан шықпай-ақ адам өмірін құтқаруға үлес қосуға мүмкіндік берген игі бастама.

Бұл акцияның мақсаты – қан тапшылығы мәселесін шешуге үлес қосу және халық арасында донорлық қозғалысын дамыту. Акцияға ұйым қызметкерлері мен аудан тұрғындары белсенділік танытып, донор болуға ниет білдірді. Бұл – аудан халқының саулығына деген жауапкершілігін және қайырымдылыққа деген ұмтылысын көрсететін маңызды қадам.

Таңертеңнен бастап аурухана ішінде ерекше қарбалас байқалды. Қан орталығының мамандары мобильді пунктті әзірлеп, қабылдау жұмыстарын жолға қойса, аудандық аурухана қызметкерлері донорлардың ағымын реттеуге көмектесті. Шараға тұрақты донорлармен қатар, алғаш рет қан тапсыруға бел буған тұрғындар да келді.

Облыстық қан орталығының мамандарының айтуынша, донорлық қан – әсіресе медициналық мекемелердің жүктемесі артқан кезеңде аса қажет ресурс. Ол күрделі операцияларды жасауға, ауыр жарақат алған науқастарды емдеуге, онкологиялық аурулармен күресуге және шұғыл жағдайларда өмір сақтап қалуға қолданылады.

Дәрігерлер тұрғындардың белсенді азаматтық позициясына алғыс айтып, донор болу тек біреуге көмек қана емес, донордың өз денсаулығына да пайдалы екенін еске салды. Медицинада дәлелденгендей, жүйелі түрде қан тапсыру ағзаның жаңаруына ықпал етеді және белгілі бір аурулардың алдын алуға көмектеседі.

Қамысты аудандық ауруханасының әкімшілігі облыстық қан орталығына тығыз ынтымақтастық үшін ризашылығын білдіріп, мұндай шаралар алдағы уақытта дәстүрге айналатынына сенім білдірді.

Донорлық акция аудан тұрғындарын маңызды миссия – адам өмірін құтқару жолында біріктірді. Акциясының арқасында көптеген адамдарға қажетті қан қоры жасалды, Осы күні қан тапсырған әр азамат қоғамға шынайы гуманистік үлес қосты.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ, суреттер Қамысты аудандық ауруханасы өкілдерінен алынды

Редактор

Recent Posts

Қамыстылық ақын Нағашыбай Ақылжан аймақтық айтыста топ жарды

Рудныйда «Алаш» қозғалысының көсемдерінің бірі, көрнекті қоғам қайраткері, жалынды ақын Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына…

12 часов ago

Қамыстылық спортшылар Түркиядан күміс пен қоланы жеңіп әкелді

Қамысты ауданының жас споршылары халықаралық аренада жеңіспен оралды (далее…)

1 неделя ago

Камыстинцам рассказали как вести себя при встрече с дикими животными

Жители Камыстинского района все чаще сообщают о случаях появления корсаков и лис в селах. (далее…)

2 недели ago

Камыстинцы получили бесплатные юридические консультации

Это было возможным в рамках республиканской акции «Народный юрист», которая была проведена в рамках продвижения…

2 недели ago

В Камыстинском районе школа получила в подарок от сельхозпредприятия интерактивную панель

Щедрый жест учреждению образования оказало градообразующее предприятие села - ТОО «Алтынсарино». (далее…)

2 недели ago

Ордена «Құрмет» удостоен директор ТОО «Алтынсарино» Павел Князев из Камыстинского района

Эта государственная награда является высокой оценкой труда за значительный вклад в развитие сельской местности, заботе…

2 недели ago

This website uses cookies.