Қамыстыдан шыққан қайсар жан ардагер Әбілқайыр Борамбаевты ұрпағы мақтан тұтады

Соғыс жылдарының ауыртпалығын көтеріп, бейбіт күннің берекесін еңбегімен еселеген жандар – кейінгі ұрпақ үшін өшпес өнеге.

Солардың бірі – Ұлы Отан соғысының ардагері, еңбек адамы Әбілқайыр Борамбаев. Оның өмір жолы мен адами болмысы бүгінде ұрпақтарының жүрегінде сақталған.

Немересі Гүлнар Борамбаеваның айтуынша, атасы өте сабырлы, байсалды әрі әділ жан болған.

– Атам қандай жағдай болса да асықпай шешім қабылдайтын. Әрдайым әділдікті ту етіп, бізге көп сөйлемей-ақ терең ой айтатын. Оның әр сөзі біз үшін өмірлік сабақ еді, – деп еске алады ол.

Майдан даласында ел үшін от кешкен ардагер соғыстан кейін бейбіт еңбекке араласып, туған жердің дамуына өз үлесін қосты. Қарапайымдылық пен адалдықты өмірлік ұстаным еткен Әбілқайыр Борамбаев айналасына қамқор болып, кейінгі буынға өнегелі тәрбие бере білді.

Ұрпақтарының айтуынша, ол ең алдымен адамгершілік пен еңбексүйгіштікті жоғары қойды.

– Ешкімнің ала жібін аттамауды, адал еңбек етуді жиі айтатын. Біз атамыздың тәрбиесін көріп өстік, – дейді немересі.

Соғыс аяқталған соң Әбілқайыр ата туған еліне оралып, бейбіт еңбекке араласты. Ол Қамысты ауданындағы Орқаш совхозында тракторшы болып еңбек етті, ауданның ауыл шаруашылығының дамуына зор үлес қосты. Зейнетке шыққанға дейін тынымсыз еңбек етіп, өз ісіне адалдығымен танылды. Ол үшін еңбек – өмірдің басты мәні болды.

Ерлігі мен батырлығы еленіп, Ұлы Отан соғысының II дәрежелі орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен және бірнеше мерейтойлық медальдармен марапатталды. Еңбектегі жетістіктері үшін «Еңбек Қызыл Ту» орденіне ие болды.

Өмірінің соңына дейін Әбілқайыр Борамбаев Орқаш ауылында өмір сүріп, бес бала тәрбиелеп өсірді. Ол балаларына әрдайым адалдықты, сабырлықты және еңбекті үлгі етті.

Қарапайым ғана адам болса да, оның сөзі салмақты, ойы терең еді. Әр ісін ойланып істеп, әділдікті жоғары қоятын.

Әбілқайыр атадан тараған бес баланың бүнігде біреуі өмірден озды. Қалған ұл-қыздары бүгінде Жітіқара және Қостанай қалаларында тұрады. Артында 12 немере, 18 шөбере қалды.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттер майдангердің ұрпағынан алынды

Редактор

Recent Posts

«Спутник» лагерінде балалардың жазғы демалысы қызықты өтуде

Жаз айы – мектеп оқушылары үшін асыға күтетін ең көңілді әрі ұзақ демалыс кезеңі. Осы…

2 недели ago

Қамыстылық Сағидуллиндер отбасы аудандық кезеңде бақ сынайды

Осы жылдың 25 маусымында өңірде дәстүрлі «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының алғашқы іріктеу кезеңі…

2 недели ago

Камыстинская молодежь перенимает опыт на республиканском уровне

Представители Молодежных ресурсных центров Костанайской области побывали с рабочей поездкой в городе Семее (далее…)

2 недели ago

Новые световые пешеходные переходы появились на улицах села Камысты

Проекторы установили на оживленных участках для безопасного передвижения в темное время суток. Это перекрестки улиц Кудайкулова…

2 недели ago

Қамыстыда егіс науқаны сәтті аяқталды

Биыл серіктестік 1 460 гектар алқапқа дән септі (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.