Қамыстылық мемлекеттік қызметкер кадрлық резервке өтті

Биылғы жылдың 1 наурызынан бастап, еліміздің барлық өңірлерінде, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада өңірлік кадрлық резервтерге іріктеу басталған болатын.

Осы іріктеу аяқталып, Қамысты ауданынан бір кандидат өңірлік кадрлық резервке өтті. Ол – мемлекеттік қызметкер Салтанат Баекен.

Салтанат Жұмабекқызы мемлекеттік қызметте он жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Ең алғаш еңбек жолын ауыл шаруашылық бөлімінде әдіскерліктен бастады. Кейін үш жоғары оқу орнын екеуі үздік бітірді. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі. мен бастаған еді. Одан облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бөлімінде басшылық қызметтерді абыроймен атқарды. Өзінің еңбекқорлығы мен жұмысқа деген табандылығының арқасында жүктелген қызметті шашауын шығармай орындап келеді. Қазір ол Қамысты аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы. Өз қызметіне жауапты.

–Мұндай жүйе¬лі жобалар жастарды биік б嬬¬¬лестерге жетуге, қоғамды дବмы¬туға, мансаптық өсуге же¬те¬лей¬ді. Мемлекеттік қызмет маған білімімді арттыруға, тәжірибе ж謬-нақтауға мүмкіндік береді. Кадрлық резервке қатысуға Қостанай облысы бойынша барлық жастар тапсырды. Бес кезең бойынша. Бірінші кезең – заңнаманы білуге тест тапсырдық. 55 сұрақтың 49-ына дұрыс жауап бердім. Астанаға академия Президентіне жолдама алдық. Келесі этап – құзыреттерді бағалау. Қамысты ауданынан үш маман барып, қатыстық. Күні бойы болып, тесті тапсырдық. Бір айдан кейін қорытындысы шықты. Екі адам өтіппіз. Мұнан кейін комиссиядағы құрылымдық сұхбатқа жолдама алдық.Облыс әкімінің алдында өз жобамызды қорғап шықтық. Индуриялық және өнеркәсіп тақырыбы болды. Оның шешу жолдарын қарастырдым. Менің қорғаған тақырыбым комиссия төрағасы – облыс әкімінің көңілінен шықты. Мен мұндай конкурсқа бірінші рет қатысып отырмын. Өзім осы салада еңбек етіп жүргеннен кейін маған қиын болмады. Бұл жастар үшін үкімет тарапынан берілген жақсы бастама әрі мүмкіндік, – дейді Салтанат Жұмабекқызы.

Салтанат Баекен өңірлерді дамыту жо¬лын¬да еңбек етсем деген жас¬тарға берілген таптырмас мүм¬кіндік деп санайды.

Жобаның негізгі мақсаты – жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту. Іріктеуді Қостанай облыстық кадр комиссиясы жүзеге асырады. Өңірлік резервке алынған адамдар сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады. Іріктеуге Қазақстан Республикасының азаматтары 35 жастан аспаған жəне 3 жылдан кем емес еңбек өтілі барлар қатыса алады.

Резервке іріктеу бірнеше кезеңдерден тұрады. Ол құжаттарды тапсырудан басталады. Одан әрі заңнаманы білуге және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуден өту керек. Жоба порталда іске қосылған сәттен бастап onir.pkrezerv.gov.kz Қостанай облысы бойынша 491 адам тіркелді, оның ішінде 323 қатысушы келесі кезеңдерге жіберілді.

147 үміткер заңнаманы білуге тестілеуден сәтті өтті, оның ішінде 62 үміткер – жеке қасиеттерін бағалау. 59 үміткер Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының базасында өткен «Құзыреттерді бағалау» кезеңінен өтті. Төртінші кезеңге 54 үміткер жіберілді.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

Аким Камыстинского сельского округа ответил на вопросы местных жителей

15 ноября в районном Доме культуры состоялась встреча акима Камыстинского сельского округа Бейбита Мендаулетова с…

22 часа ago

Кто разносит газеты камыстинцам?

Так как сейчас идет подписная кампания 2025 года, в том числе на районную газету «Қамысты…

22 часа ago

Жылқышылықтан бригадирлікке көтерілді

Бауыржан Бакенов облыс әкімінің Құрмет грамотасына ие болды (далее…)

23 часа ago

Қарабатырға Моңғолиядан үш отбасы көшіп келді

Былтыр Қамыстының Қарабатыр ауылына бүтіндей бес отбасы көшіп келді. Биыл Моңғолия елінің Бай-Өлке аймағының Сақсай…

1 день ago

Қамыстылық ардагер алғашқы төсбелгінің иегері!

Ұлттық валютамыз – Теңге күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде биыл банк саласы ардагерлері…

2 дня ago

Жюри высоко оценило выступление камыстинских артистов на XXXVII областном конкурсе-фестивале «Өнеріміз саған, Казақстан!»

Ежегодный конкурс-фестиваль самодеятельного народного творчества «Өнеріміз саған, Казақстан!» прошел в селе Камысты (далее…)

5 дней ago

This website uses cookies.