Қостанайда өткен әуесқой хоккей лигасында

Қамысты командасы сәтті өнер көрсетті

Аймақтың әуесқой хоккей лигасында Қамысты ауданының командасы биылғы маусымды табысты аяқтады. Бұл туралы ақпаратты Қамысты ауданының тұрғыны Төлеген Досмұхамбетов хабарлады.

Құрама өз тобында Қарасу, Қамысты, Меңдіқара және Фёдоров командаларымен кездесулер өткізді. Маусым нәтижелері көңіл қуантады. Меңдіқара командасынан – 5:2 есебімен жеңіс, Фёдоров ауданымен – 2:2 есебімен тең ойын, Қарасу командасымен 7:0 есебімен үлкен жеңісті еңсерді.

Қамыстылық команданың құрылғалы үш жыл болды. Ойыншылардың басым бөлігі – тәжірибелі ересек адамдар, ал жастар соңғы жылдары ғана қосыла бастады. Команда сапында әр жылдары мына спортшылар өнер көрсетуде. Олар – Виталий Белугин, Талғат Қуанышбаев, Қанат Досмұхамедов (Рудный қаласы тұрғыны), Талғат Байдельдинов (Костанай қаласында тұрады), Александр Кашеев, Асылбек Ешакаев, Олег Храмович, Самат Төлебаев, Қайырбек Агдавлетов, Мұрат Көшебаев (Қамысты ауылынан), Қайырбек Даулетов, Базархан Төлендин, Растислав Подольянов, және командадағы ең жасы үлкен ойыншы – 66 жастағы Қайрат Бөпенов.

Төлеген Досмұхамбетовтың айтуынша, жарыстың ұйымдастырылуы жоғары деңгейде өткен. Қостанай облыстық хоккей федерациясы барлық шараны кәсіби деңгейде өткізген.

Қамысты ауданында хоккей бұрыннан мықты танылған. Соңғы облыс чемпионы – «Камыстинский трактор» командасының ойыншысы Талғат Байгельдинов болған. Бұрын аудан командалары Қамысты, Жайылма, Ливанов, Фрунзе. Алтынсарин, Бестөбе, Адаев, Орқаш, Қарабатыр сияқты ауылдарға жарысқа жиі барып отыратын.

«Ауданда хоккейді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Қамысты ауданының орталығында қазір хоккей ойнайтын алаң бар, ал биыл Алтынсарин ауданында жаңа хоккей корты ашылмақ. Командаға қолдау көрсетіп, жарыстарға баруына мүмкіндік берген Камысты ауданының әкімдігі мен спорт бөліміне ойыншылар алғыс білдіреді. Әкімдік автобус, жолақы және тамақтануға қаражат бөліп отырады», – Төлеген Досмұхамбетов.

Алдағы уақытта команда Жітіқара қаласында өтетін жаңа лигада өнер көрсетуді жоспарлап отыр. Бұл жолы жас ойыншыларды да қосу ойда бар. Бұған дейін 18 жасқа толмағандарды жарақат алу қаупіне байланысты қатыстырмаған.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

Қамыстыда теміржолға 22 жылын арнаған маман

Қамысты ауданына қарасты Арқа ауылында теміржол саласында 22 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан Жанат…

22 часа ago

Қамыстыда жеті балалы отбасы жаңа баспанаға ие болды

Қамысты ауылында көпбалалы Арысбаевтар отбасы жаңа баспананың кілтін алды. (далее…)

1 неделя ago

В хозяйстве «Талап» говорят: главной проблемой бахчеводов стала сайга

Село Уркаш издавна известно в Камыстинском районе своими бахчевыми культурами. (далее…)

1 неделя ago

Қамыстылық Рахиля Тәжибаеваның тағдыры ұстаздықпен тамырлас

Кей адамның өмір жолына көз жүгіртсеңіз, оның мамандығы мен болмысы бір-бірімен біте қайнасқанын байқайсыз. (далее…)

1 неделя ago

Қамысты ауданы: келер жылдың қамы – күзден

Ливанов ауылындағы «Алиев» шаруа қожалығында 2027 жылғы егіс науқанына дайындық жұмыстары басталды. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.