Қостанай облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, Қамысты ауданында ауылдық елді мекендерді көше жарығымен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда.
2025 жылы аудан бойынша көше жарығын жаңғыртуға жалпы 39,2 млн теңге бөлінді. Оның ішінде 26,2 млн теңге – облыстық бюджеттен, 6,5 млн теңге – аудандық бюджеттен, 6,5 млн теңге – тартылған инвестициялық қаражаттардан.
«Аталған қаражат есебінен Ливанов, Фрунзе, Свободное, Қамысты және Клочково ауылдарында жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 140 көше шамы орнатылды, 90 электр бағанасы жаңартылып қойылды, 8 шақырым көшеге жарық тартылды, 14,7 шақырым ескі электр желісі СИП кабельмен алмастырылды», – дейді Қамысты ауылдық округінің әкімі Бейбіт Меңдәулетов.
Аталған шаралар электр энергиясының тұрақтылығын арттырып, жарық беру жүйесінің сенімділігін қамтамасыз етті.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қамысты ауданында 196 көшенің 187-сі, яғни 95,4% жарықпен қамтамасыз етілді. Жалпы 151 шақырым көшеде жарық шамдары тұрақты жұмыс істеп тұр.
Сонымен қатар, биыл облыстық бюджет есебінен Ливанов және Фрунзе ауылдарына 15 млн теңге бөлініп, әр ауылға 30-дан жарық шамы орнатылды.
Аудан орталығында орналасқан «Атамекен» саябағында 26 жарық шамы бар бағана орнатылды. Бұл мақсатқа 6,5 млн теңге аудандық бюджеттен бөлінді.
Қамысты ауданы әкімдігінің мәліметінше, елді мекендерді жарықтандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
В прицепе грузового автомобиля находились 40 голов крупного рогатого скота. (далее…)
Спустя почти 30 лет в село Алтынсарино вернулся хоккей. Это стало возможным после строительства нового…
26 января ранним утром легковой автомобиль Toyota Celica застрял в снегу на 29-м километре дороги…
За последнюю неделю на территории Камыстинского района произошло несколько случаев, где потребовалась помощь спасательных служб.…
Аудандық Мәдениет үйінде «Жайылма» театрының спектаклі – Бексұлтан Жәкиевтің «Әке тағдыры» шығармасы сахналанды. (далее…)
23 января в Краснооктябрьской общеобразовательной школе состоялся районный семинар-практикум. ⠀ Педагоги школ рассмотрели тему «Формирование…
This website uses cookies.