Қамыстыда бес ветеринарлық пункт салынады

Қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталады.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және өңірдегі эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету аясында Қамысты ауданында ауқымды жұмыстар жоспарлануда. Биыл өңірдегі бірқатар ауылдарда заманауи модульдік ветеринариялық пункттер мен типтік мал қорымдары салынады.
Жоба аясында ауданның 5 елді мекені қамтылады. Олар – Адаев, Алтынсарин, Бестөбе, Қарабатыр және Қамысты ауылдары. Ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын заманауи талаптарға сай бейімдеу мақсатында бюджеттен қомақты қаражат қарастырылған. Модульдік ветеринариялық пункттердің құрылысына – 150 миллион теңге бөлінген болса, типтік мал қорымдарын салуға – 122,5 миллион теңге бөлінді. Аудан бойынша жобаның жалпы құны 272,5 миллион теңгені құрап отыр.

Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, жаңа модульдік ветеринариялық пункттер қажетті озық құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмек сақтайтын арнайы тоңазытқыштармен және байланыс құралдарымен жабдықталады. Бұл мал дәрігерлерінің жұмыс сапасын арттырып, тұрғындарға жедел қызмет көрсетуге мүмкіндік бермек. Ал жаңадан бой көтеретін типтік мал қорымдары өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған. Олар қоршаған орта мен жерасты суларының түрлі қауіпті инфекциялармен ластануының алдын алады.

Инфрақұрылымды дамыту жұмыстары тек аудан орталығымен шектелмей, шалғай елді мекендерді де қамтуда. Аудан орталығынан қашық орналасқан Адаев ауылында жаңа ветеринарлық пункт пен мал қорымы салынуда. Бұл нысандар шалғай аумақтағы мал басын тұрақты бақылауда ұстауға, эпизоотиялық жағдайды уақытылы қадағалауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, Алтынсарин ауылында бой көтеретін ветпункт және мал қорымы жергілікті шаруа қожалықтары үшін үлкен қолдау болмақ. Енді фермерлер мал ауруларының алдын алу, екпе егу және емдеу шаралары бойынша жедел әрі сапалы көмек ала алады.

Бестөбе ауылындағы инфрақұрылымның жаңаруы (ветпункт және заманауи мал қорымы) өңірдегі санитарлық қауіпсіздікті жоғары деңгейге көтеруді көздейді. Бұл індеттердің таралу қаупін деңгейге түсірудің төтенше қорғаныс шебі болмақ.
Қарабатыр ауылында да ветпункт пен мал қорымының құрылысы жоспарланған. Бұл нысандар ауылдан шығатын ет және сүт өнімдерінің қауіпсіздігін жіті тексеріп, ветеринариялық бақылауды күшейтуге септігін тигізеді.

– Осы уақытқа дейін шалғай елді мекендерде заманауи талаптарға сай келетін мұндай мамандандырылған нысандар мүлдем болған жоқ, қолда бар база әбден ескірген еді. Сондықтан бұл жобалар біздің аудан үшін, әсіресе алыстағы ауылдар үшін ауадай қажет. Мұндай ветпункттер мен санитарлық талапқа сай мал қорымдары болмаса, індеттің алдын алу да, мал өнімдерінің қауіпсіздігін толық бақылау да мүмкін емес. Бөлінген 270 миллион теңгеден астам қаражат бұрын-соңды болмаған олқылықтардың орнын толтырып, жұмысымызды жаңа жүйеге көшіруге мүмкіндік береді. Бұл – жергілікті шаруалардың да, ветеринарлардың да көптен күткен қолдауы Бұл жаңашылдық алдағы уақытта біздің елдімекенге жетеді деп үміттенемін.», – деп пікір бөлісті Аралкөл ауылдық округі ветеринарлық пунктінің меңгерушісі Сәуле Алшынбаева.

Ауыл шаруашылығы мамандарының пікірінше, бұл жобалардың іске асырылуы Қамысты ауданындағы мал шаруашылығының әлеуетін арттырып, ауыл тұрғындарының табысына оң әсерін тигізеді. Себебі төрт түліктің амандығы мен өнім сапасы тікелей осы ветеринариялық қызметтің деңгейіне байланысты.

Ел ішінде індет тарамау үшін осындай қадау-қадау шаруа атқарылып жатыр. Бұл – өте маңызды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін шетелге экспорттайтын болсақ, қатаң тексерістен өтетіні белгілі. Сондықтан ветеринария саласын жетілдіре түсуіміз керек-ақ.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Сурет – Қамысты ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінен алынды

Редактор

Recent Posts

Қамысты ауданында ветеринариялық қауіпсіздікке 273 млн теңге бағытталды

Қамысты ауданында малдың қауіпсіздігі мен санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыс басталды. 2026 жылы республикалық…

15 часов ago

Қамыстыда егін жинау науқаны қызды

258 мың гектар алқаптан өнім жинап алу жоспарланып отыр. (далее…)

2 дня ago

В Камыстинском районе на выборы депутатов в Курултай приходят семьями

Сегодня, 23 августа 2026 года, в Казахстане проходят выборы депутатов Курултая. (далее…)

2 дня ago

Қарабатырлық Айтолқынның берекелі отбасылық дәстүрі

«Жаздың әр күні – қыстың азығы» дейді көп балалы ана. (далее…)

3 дня ago

Қамысты ауданында көшелердің 98 пайызына жарық қойылды

Елді мекендердің инфрақұрылымы жаңарып келеді. (далее…)

3 дня ago

Қамыстыда 85 оқушыға мектепке дайындалуға көмек беріледі

Әр балаға 50 851 теңгеден қаржылай қолдау көрсетіледі. (далее…)

5 дней ago

This website uses cookies.