Қамыстыда құтқару қызметі жаңғыртылуда

Ауданға су жаңа КАМАЗ берілді.

Тобыл қаласында өткен салтанатты шара аясында облыстың құтқару бөлімшелеріне 12 жаңа арнайы техниканың кілті табысталды. Оның ішінде Қамысты ауданының №18 өрт сөндіру бөліміне сыйымдылығы үш тонналық су жаңа КАМАЗ (АЦ-3,0-40) автокөлігі бұйырды. Бұл аудан құтқарушылары үшін тарихи сәт, себебі өңірге соңғы рет жаңа өрт сөндіру көлігі сонау 2009 жылы берілген болатын.

Салтанатты шараға ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов арнайы қатысып, жеке құрамды құттықтады.

«Біздің ауданымыз үшін ең қауіпті кезең – көктем мен күз айлары. Биылдың өзінде біздің жасақ 20-дан астам өртті тіркеп, оларды дер кезінде ауыздықтады. Жаңа 3 тонналық КАМАЗ техникасының берілуі біздің шұғыл әрекет ету мүмкіндігімізді айтарлықтай арттырады», – дейді аудандық ТЖБ №18 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Фархат Сәлімжанұлы.

Қамысты ауданында құтқару қызметі тек техникамен ғана емес, инфрақұрылымдық жағынан да дамып келеді:Ғимаратты жөндеу: 2025 жылы аудан әкімдігінің және аудан әкімі Ерлан Жаулыбаевтың қолдауымен өрт сөндіру бөлімінің ғимараты толық жөндеуден өтті. Оған 27,9 млн теңге жұмсалды. Аталған бөлімге 2021 жылы «Камаз Кунг» қосымша көмекші техникасы, ал 2024 жылы «TOYOTA Hilux» көлігі берілген. Қазіргі таңда бөлімде 3 өрт сөндіру техникасы мен 3 қосымша көмекші көлік қызметте тұр.

Қостанай облысындағы салалық қаржыландыруСоңғы үш жыл ішінде өңірдегі төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға бюджеттен 3 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген.

Орман мекемелерін жарақтандыруға соңғы 3 жылда 8 миллиард теңгеге жуық қаражат бағытталды. Бұл қаражатқа 51 өрт сөндіру машинасы, 86 трактор және басқа да техникалар алынып, орман мекемелерінің өрт сөндіру машиналарымен қамтылу көрсеткіші 100 пайызға жетті.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген: Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

Редактор

Recent Posts

Қамыстыда теміржолға 22 жылын арнаған маман

Қамысты ауданына қарасты Арқа ауылында теміржол саласында 22 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан Жанат…

14 часов ago

Қамыстыда жеті балалы отбасы жаңа баспанаға ие болды

Қамысты ауылында көпбалалы Арысбаевтар отбасы жаңа баспананың кілтін алды. (далее…)

1 неделя ago

В хозяйстве «Талап» говорят: главной проблемой бахчеводов стала сайга

Село Уркаш издавна известно в Камыстинском районе своими бахчевыми культурами. (далее…)

1 неделя ago

Қамыстылық Рахиля Тәжибаеваның тағдыры ұстаздықпен тамырлас

Кей адамның өмір жолына көз жүгіртсеңіз, оның мамандығы мен болмысы бір-бірімен біте қайнасқанын байқайсыз. (далее…)

1 неделя ago

Қамысты ауданы: келер жылдың қамы – күзден

Ливанов ауылындағы «Алиев» шаруа қожалығында 2027 жылғы егіс науқанына дайындық жұмыстары басталды. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.