Қамысты ауданында тұратын Наталья Айтманова өз ауылында алғаш рет инкубатор арқылы құс өсірумен айналыса бастады.
Бұл бастамасына ол 2025 жылы Мансап орталығының грантын жеңіп алып, нақты қадам жасады. Қазірдің өзінде оның балапандарына ауыл тұрғындары алдын ала тапсырыс беріп жатыр.
– Ауылда сататындар көп, бірақ дәл құс өсіретін кәсіппен ешкім айналыспаған. Сұраныс бар екенін көріп, неге өзім бастамасқа деп шештім, – дейді Наталья.
Бірақ бәрі бірден оңай бола қоймаған. Алғашқы инкубация кезінде ол тауық, үйрек және қаз жұмыртқаларын бір инкубаторға салып, тәжірибе аздығынан қателік жіберген. Қаз балапандары шықпай қалған, себебі температурасы өзгеше болыпты
–Тәжірибем болмаған соң, бір инкубаторға әртүрлі құс жұмыртқаларын – қаз, тауық және үйрек жұмыртқаларын салып жібердім. Нәтижесінде, тауық пен үйрек балапандары жақсы шықты, ал қаз жұмыртқалары дамымай қалды. Кейін білдім, олардың температурасы мүлде бөлек екен. Бұл мен үшін үлкен сабақ болды. Әрине, көңілім түсті, бірақ бекер емес дейді ғой. Алғашқы құймақ шала піседі, – деп күледі Наталья, – Бірақ бұл мен үшін үлкен сабақ болды. Ең бастысы, қорықпау!
Қазір Натальяның шағын шаруашылығы айтарлықтай нәтиже беріп отыр. 18 балапан мен 10 үйрек бірінші кезеңде жарық көріп, барлығы лезде сатылып кеткен. Бүгінде ол құсты тек шығарып қана қоймай, өсіріп, ет ретінде де өткізуді қолға алған. Арманы – үлкен құс фермасын ашу.
– Қолдау білдірген отбасым мен достарыма алғысым шексіз. Әйелдерге айтарым, мүмкіндігің болса, грантқа қатысып көр. Арманыңды кейінге қалдырма. Қорықпа, қолыңнан келеді, – дейді кәсіпкер.
Натальяның табандылығы мен еңбегі бүгінде өз жемісін беріп жатыр. Енді оның инкубаторында өмірдің жаңа бастамасы балапандар ғана емес, ауыл кәсіпкерлігінің болашағы да қанат жайып келеді.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Натальяның табандылығы мен еңбегі бүгінде өз жемісін беріп жатыр. Енді оның инкубаторында өмірдің жаңа бастамасы балапандар ғана емес, ауыл кәсіпкерлігінің болашағы да қанат жайып келеді.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
В районном Доме культуры накануне встречи 2026 года прошла елка акима района. (далее…)
Мероприятие состоялось в Доме досуга села Арка. Гостями праздника стали дети членов Локального профсоюза образования…
Встреча прошла накануне празднования Нового года в кафе «Ханшайым». (далее…)
2025 год стал знаковым для района: в селе Камысты был построен современный ипподром, ставший важной…
«Дәмді», что в переводе с казахского языка означает «вкусно», так символично назвала свое кафе…
В преддверии Нового 2026 года значительно преобразилось село Камысты. Гостей и жителей на въезде встречают…
This website uses cookies.