Бала күні кеше ғана үлкен өмірге қадам басып, ақ халат киюді армандаған жас жеткіншектер бүгінде ел игілігі үшін еңбек етіп жүр.

Солардың бірі – өз мамандығына адал, жүрегі мейірімге толы жас маман, Торғай селосындағы аудандық ауруханасының дәрігері Әйгерім Бақытжан.

2003 жылы 13 ақпанда Арқалық қаласында дүниеге келген Әйгерімнің балалық шағы армандарға толы болды. Кішкентай кезінен бастап-ақ ол ауырған жандарға көмектесіп, ақ халатпен жүретін дәрігер болуды жүрегіне түйіп өсті. Бала күнгі осы бір аңғал да таза арман оның алдағы өмір жолын айқындап берді.

«Бала күнімде дәрігер болуды жүрегіммен қаладым. Үйдің ішінде ойыншықтарымды «емдеп», ақ халат киген сәтімді қиялдайтынмын. Сол арманым мені үлкен медицина әлеміне жетеледі», – дейді жас маман.

2009 жылы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің табалдырығын аттап, 2020 жылы оны сәтті аяқтаған ол медицина саласына түсуді мақсат етті.
2020 жылы Астана медицина университетінің грант иегері атанып, елордадағы іргелі білім ордасында оқуын бастады. Бес жыл бойы бакалавриат бағдарламасы бойынша тәлім алып, теориялық білімін практикамен ұштастырды. Артынша, 2025-2026 жылдары интернатурада білімін тереңдетіп, нағыз дәрігер атану жолындағы соңғы қадамдарын сәтті еңсерді.

Заманауи ақпараттық технологияларды еркін меңгерген, компьютерлік сауаттылығы жоғары Әйгерім оқу кезінде де өз қабілетімен көзге түсіп, жан-жақты дамуға ұмтылды. Бүгінде интернатураны аяқтап, толыққанды дәрігер атанған Бақытжан Әйгерім өз еліне, туған жеріне қызмет етуді жөн санады. 2026 жылдан бастап Жангелдин ауданы, Торғай селосындағы аудандық ауруханада еңбек жолын бастап кетті.

Бүгінде ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтау жолында күндіз-түнді қызмет етіп жүрген жас дәрігер кәсіби білімін үнемі жетілдіріп, тәжірибе жинақтауды басты мақсат тұтады.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Сурет облыстық денсаулық сақтау басқармасынан алынды

Редактор

Recent Posts

Қамыстыда ауыл тұрғыны жылқы басын көбейтпек

Алтынсарин ауылының тұрғыны Дәурен Ержанов «Ауыл аманаты» бағдарламасының мүмкіндігін пайдаланып, жылқы шаруашылығын қолға алды. (далее…)

2 часа ago

Қамыстыда спортқа көңіл бөлінуде

Қамысты ауданында бұқаралық спортты дамытуға және тұрғындарды салауатты өмір салтына тартуға басымдық беріліп келеді. (далее…)

1 день ago

Қамыстыда бес отбасы жаңа баспанаға ие болды

Қамысты ауылында тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған жұмыстар жалғасуда. (далее…)

4 дня ago

Қамыстыда 343 адам жұмысқа орналасты

Қамысты ауданында жыл басынан бері 343 адам жұмыспен қамтылды. (далее…)

1 неделя ago

Қамыстыда ауызсу желілері 100 млн теңгеге жаңғыртылды

Қамысты ауданындағы Клочков ауылында су құбыры желілерін қалпына келтіру және жаңғырту жұмыстары аяқталды. (далее…)

1 неделя ago

В Камыстинском районе завершился прием заявок на конкурс «Лучший двор – лучший дом»

В этом году желание показать плоды своих стараний и умений изъявили 10 семей из с.…

1 неделя ago

This website uses cookies.